Фармакология кафедрасы 1932 жылы құрылған. Университеттің іргелі, жетекші кафедраларының бірі болып келеді. Кафедраның бірінші меңгерушісі профессор М.И.Клемпарский болған.
1960-1985 жж. кафедраны профессор Г.И. Самарина басқарған.
Г.И. Самаринаның жетекшілігімен Химия ғылымдарының Институтымен бірге жасалған зерттеулер нәтижесінде жергілікті анестетиктер – алмакаин мен рихлокаин ұсынылды.
1985 – 1989 жж аралығында кафедраны доцент Р.К.Утепбергенова басқарған.
Осы кезеңдегі кафедра қызметкерлерінің жұмысы әдістемелік жұмысты жақсарту және тақырыптық мазмұнын жетілдіру, дәрістер курсын,лабораториялық сабақтарды, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға, қазақ тілінде оқыта бастауға бағытталды.
1989-2015 жылдары кафедраны профессор Г.М.Пичхадзе басқарды.
Осы кезеңде кафедрада еңбек және шығармашылық үшін тиімді жағдай жасалды,еңбек тәртібі, ұжымның әр мүшесінің жауапкершілігі және өзара түсіністігі жоғарылады,елеулі табысқа жетті ,ең алдымен оқу- әдістемелік және ғылыми жұмыстарда, оған дәлел мемлекеттік аттестация нәтижесі бойынша кафедра 20 жыл барысында ешқандай ескерту алмаған . Г.М.Пичхадзе жетекшілігімен ҚР жоғарғы медициналық оқу орындарының және медициналық ЖОО фармацевтикалық факультетінің студенттері үшін фармакологиядан алғашқы типтік бағдарлама дайындалып бекітілген.Сондай-ақ проф. Г.М. Пичхадзе ҚР медициналық ЖОО барлық дерлік мамандықтары бойынша фармакологиядан типтік бағдарламаларының авторы/соавторы болып табылады.
Жарты ғасыр бойы кафедрада еңбек еткен ардагерлер – доц. Аракелова В.В және доц. Каримова Р.Ф., соңғысы осы күнге дейін кафедрамен байланысын үзбей келеді және кафедра қызметкерлеріне кеңес көмегін көрсетеді, өздерінің білімін және бай тәжірибесін жас оқытушыларға беруде.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін фармакология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сатбаева Эльмира Маратовна болып табылады. Ол барлық дайындық деңгейінде үш тілде практикалық сабақтар өткізеді: бакалавриаттарға, магистранттарға, докторанттарға. “Жалпы медицина” және “Биомедицина” мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. “Life science” ғылыми комиссиясының төрағасы, ҚазҰМУ жергілікті этикалық комиссиясының мүшесі, 1-Жалпы Медицина мектебі Кеңесінің мүшесі, ББК-ң және 1-ЖММ мүшесі болып табылады. 10 жыл бойы университеттің СМЖ ішкі аудиторы болды, “Үздік аудитор” грамотасымен марапатталды. Жыл сайын ғылыми-студенттік жұмыстар конкурсының және студенттік олимпиадалардың қазылар алқасы ретінде (Алматы, Бұхара), сонымен қатар университеттің оқу-әдістемелік, ғылыми және ұйымдастырушылық қызметі бойынша әртүрлі жұмыс топтарының жұмысына қатысты. Оның жетекшілігіндегі үйірме студенттері бірнеше рет халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференцияларда жүлделі орындарға ие болды (Мәскеу, Санкт-Петербург, Владивосток, Харьков, Астана, Алматы). Мамандарды тәуелсіз аттестаттау үшін клиникалық хаттамаларды, тест тапсырмаларын әзірлеуге қатысты. 100-ден астам ғылыми жұмыстарын, соның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық журналдарда жариялады. Жыл сайын әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялардың жұмысына баяндамаларымен қатысады (Бангкок, Мәскеу, Санкт-Петербург, Астана, Семей, Алматы және т.б.).
Халықаралық, Республикалық және университеттік деңгейде ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, мастер-кластарды ұйымдастыруға қатысты. Қазіргі уақытта оның жетекшілігімен кафедрада “Медицина” мамандығы бойынша 2 докторлық диссертация және “Биомедицина” мамандығы бойынша 2 магистрлік диссертация орындалуда. Әр түрлі семинарлар мен курстарда (Каунас, Мәскеу, Сидней, Астана, Алматы) сонымен қатар білім беру және ғылыми-зерттеу процестерінде бірнеше рет оқудан өтті.
Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану жөніндегі коалицияның (CORSUM) директорлар кеңесінің мүшесі. Практикалық денсаулық сақтау қызметкерлеріне дәрілік заттардың фармакологиясы және оларды ұтымды пайдалану бойынша дәрістер оқыды. Клиникалық фармаколог ретінде сертификатталған. Сондай ақ бірқатар марапаттары бар, 2013 жылы ҚазҰМУ-ң қола медалімен, 2019 жылы – ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды
Біліміжоғары, 1993 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін, 1995 жылы “балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы” (АММИ) мамандығы бойынша клиникалық ординатураны аяқтады.
Ғылыми гранттарға қатысу:
• «Доступ к лекарственным средствам в рамках процесса глобализации» — 2013-2014 (СОРОС Казахстан)
• «Разработка нанокапсулированной формы эффективных противогрибковых средств с контролируемым высвобождением и пролонгированием действия» — 2012-2014 (Национальный инновационный фонд)
• «Получение новых штаммов бактерий, перспективных для создания препаратов с целью профилактики и лечения дерматомикозов» — 2011 (МОН РК)
• «Научно-методическое обоснование формирования и развития трансляционной медицины» — 2012-2013 (МОН РК)
• «Разработка модели (программы) антистарения в обеспечении активного долголетия лиц пожилого возраста Казахстана» — 2010-2013 (МЗ РК)
• «Мониторинг эффективности и результативности государственных инициатив по борьбе с туберкулезом» — 2011 (СОРОС Казахстан)
Ғылыми жұмыстары:
Шетелдік және республикалық басылымдардағы 100 – ден астам ғылыми жұмыстары, соның ішінде импакт факторы бар рецензияланатын журналдардағы 9 ғылыми жұмыстары, 5 инновациялық патент, 8 оқу құралы және ҚР БҒМ РЦИТ бекіткен оқу құралының авторы. Фармация факультетінің және “қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының студенттері үшін фармакология бойынша 2 типтік бағдарламаның бірлескен авторы. Магистранттар мен докторанттарға арналған авторлық элективті курстарды әзірлеуші: “Фармакоэпидемиология және фармакоэкономика”, “фармакологиялық қадағалау жүйесі”, “ДЗ жанама әсерлері”, “фармакогенетика негіздері”, “ДЗ қолданудың фармакологиялық аспектілері” және т. б.