С.Ж.Асфендияров атындағы Ғылыми Кеңесінің 2001 жылдың 5 маусымында шыққан шешіміне және 2001 жылдың 19 шілдесіндегі №231 бұйрыққа сәйкес студенттерді дайындау сапасының жоғарылату мақсатында 2001 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Клиникалық зертханалық диагностика» курсы енгізілді. Курс меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Жангелова М.Б. тағайындалды. Бірінші клиникалық база калалық ЖМККА болды. Алматы қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің пациенттеріне және университет студенттеріне заманауи гематологиялық, биохимиялық, ультрадыбыстық және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізілді.
2003-2004 оқу жылының басында курс «Клиникалық зертханалық және инструменталдық диагностика» кафедрасына ауысты. Штат біршама кеңейіп, жаңа оқу пәндерін оқыту енгізілді, жаңа жақсы жабдықталған клиникалық микробиология (Васtec 960, бактериологиялық анализатор Termo-labSystems газды хроматограф Agilent HP 6890), клиникалық биохимия «Диаморф», ПТР, ИФТ зертханалары ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Бейсембаева Ш.А. тағайындалды. Кафедраның клиникалық базалары кеңейді – ҚКА №7, қалалық диагностикалық орталық, ЖМККА, перзентхана №1, «Хак» медицина орталығы.
Кафедрада интернатура, клиникалық ординатура, аспирантура және докторантура ұйымдастырылды. Дәрігерлер мен мамандарды заманауи диагностикалық технологияларға оқыту жүргізілді: ПТР, ИФТ, УДЗ, ЭхоКГ, ЭЭГ, спирография, бактериалды анализаторлар, биохимиялық, гематологиялық анализаторлар және морфоденситометрия.
2008 жылы (бұйрық № 330 02.04.2008 ж.) 26.09.2007 ж. ҚазҰМУ-нің №1 Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде клиникалық зертханалық-инструменталды диагностика кафедрасы зертханалық диагностика және молекулярлық медицина кафедрасына ауыстырылды.
Рысұлы Мұстафа профессор, медицина ғылымдарының докторы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Клиникалық зертханалық диагностика» кафедрасының меңгерушісі.
1974 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын үздік бітірді. Дәрігер-педиатр. 1977-1981 жылдары И.М.Сеченов атындағы 1-ші ММИ-да «Гистология, цитология және адам эмбриологиясы» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін АММИ-да гистология, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті және АММИ ОҒЗЗ патоморфология және электрондық микроскопия тобының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде биология және гистология кафедрасының меңгерушісі, колледж директоры, университет проректоры мен ректоры қызметін атқарды. 1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры қызметін атқарды. Соңғы жылдары ҚР ИСМ-нің инфекцияға қарсы препараттар Орталығының директоры және ҚР ДСМ-нің кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да клинико-диагностикалық зертхананың меңгерушісі болып жұмыс істеді. 162 ғылыми жұмыс, 8 монография, 4 патент иегері. «Цитология, гистология және эмбриология бойынша Атлас» авторларының бірі. Ғылыми қызығушылықтары: фтор және фосформен созылмалы улану кезінде адамның және жануардың тіс-жақ жүйесінің патологиялық анатомиясы; кіндік қанының бағаналы жасушалары; адам ауруларының клиникалық зертханалық диагностикасы; дәрілік препараттардың клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулері; жүректің ишемиялық ауруын хирургиялық емдеу кезінде сүйектің қызыл кемігінен алынған гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың фармакологиялық мобилизациясы.
Рысұлы М. соавторлықта клиникалық зертханалық диагностика бойынша оқу құралдарын жазды:
- Клиническая лабораторная диагностика. 2014 ж. Алматы, 544 б.
- Генетика. Практикум (қаз).2014 ж., Алматы, 191 б.
- Клиническая лабораторная диагностика, 2017, 1-2 том, 545 б.
- Клиникалық зертханалық диагностика. 2017, 1-2 том, 534 б.
- Laboratorymedicine. 2017, Vol.1-2, 501 p.
- Урогениталді инфекциядардың диагностикасындағы қазіргі уақыт тәртібіндегі детекциямен полимеразды тізбекті реакцияю 88 б.
Рысұлы М. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «LifeSciences» Ғылыми Комитетінің төрағасы, ҒЗЖ (университет ішілік гранттар) және ҚазҰМУ ғылыми мектептер бойынша есептерді жоспарлау және тыңдауға қатысқан.
Рысұлы М. IFCC (Клиникалық химияның Халықаралық федерациясы) Халықаралық ассоциациясының мүшесі болып табылатын Медициналық Зертханалық Диагностиканың Қазақстандық Ассоциациясының президенті және «Лабораторная медицина» атты клиникалық зертханалық диагностика мамандарына арналған ҚР-да бірінші журналдың редакционды коллегиясының төрағасы.