2016-2017 оқу жылында кафедра қызметкерлерімен 7 мақала және 1 тезис баспада жарияланды, олардың ішінде ҚР БҒМ БҒСБК-нің журналдарында – 3, материалдар жинағында және басқа журналдарда – 4 мақала және 1 тезис.
Кафедра қызметкерлер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медико-профилактикалық факультетінің ұжымымен бірігіп АҚШ, Франция, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның зертханалық медицина мамандарының қатысуымен V ҚР медициналық зертханалық диагностикасы Казақстандық ассоциациясының Халықаралық Конгрессі 2017 жылдың 14-15 сәуірінде Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кітапхана Конференц-залында ұйымдастырылып өткізілді. Кафедра қызметкерлері Конгрессте 2 баяндама оқыды, сонымен қатар, басқа да ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, зертханалық қызметтің мамандарына арналған семинарларға және ҚР ДСМ және денсаулық сақтау Ұлттық палатасының жұмыс топтарына қатысты.
Рысұлы М. IFCC (Клиникалық химияның Халықаралық федерациясы) Халықаралық ассоциациясының мүшесі болып табылатын Медициналық Зертханалық Диагностиканың Қазақстандық Ассоциациясының президенті және «Лабораторная медицина» атты клиникалық зертханалық диагностика мамандарына арналған ҚР-да бірінші журналдың редакционды коллегиясының төрағасы.