Студенттердің, әртүрлі ұлт өкілдері және кафедраның аға кураторының күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қазақстанда тұратын ұлттардың дәстүрі мен мәдениеті ән, би және театрланған қойылымдар түрінде паш етілді.
Концерттен соң әртүрлі ұлттық тағамдармен шай берілді. Концерттің бейнетүсірілімі берілген.
Патологиялық физиология кафедрасының ұжымы мерекелік коцертті дайындап, өткізуге белсене қатысқаны үшін «Жалпы медицина» 2 курс 36-1, 37-1, 38-1, 39-1,40-1, 44-1, 45-1 топтар студенттеріне, сонымен бірге стоматология факультеті 2 курс студенттеріне үлкен алғысын білдіреді.