Оқу барысы шеңберінде психиатрия мен наркологияны оқыту кезінде ҚР директивті құжаттары оқылды: Қазақстан- 2030, ҚР конституциясы, «Психиатриялық көмек көрсету жөніндегі ҚР заңы», «Наркотикалық заттар, психотропты заттар мен олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс қолданылуына қарсы шаралар жөніндегі ҚР заңы», Ќылмыстық кодекс (есі дұрыс жєне дұрыс еместік, дәрігерлік құпия, дєрігерлік қателік, жалған қорытынды беру, наркотиктерді өткізу, сақтау, таратқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылу), Азаматтық кодекс (еңбекке қабілеттілік-қабілетсіздік, ата-аналық құқығынан айыру және т.б.), «Азаматтардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі.
Оқу барысында ПОҚ мен студенттердің арасында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» (2012ж. 27 қантар) негізгі қағидаларына ерекше көңіл бөлінді, соның ішінде, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік прогрессінің жылдамдату мәселелері, патриотизм және саяси еріктілік, еліміздің демократизациясының жаңа сатысы, Қазақстанның әлемдегі қазіргі орны, сонымен қатар біздің туған Қазақстанға деген міндеттілігіміз. ҚР «Білім туралы» заңы, «Азаматтардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі оқылды, онда 20-ы мен 21-і баптары таңдап алған мамандықты айқындайды, психикалық және наркологиялық бұзылыстардан (ауыруларынан) зардап шегуші тұлғаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді реттейді.
Еңбекке деген көзқарасты тәрбиелеу, әр түрлі мәдениет пен тілді құрметтеу тікелей сабақ барысында оқытушының жеке үлгі негізінде және оның сабақ үстінде болып жатқан нақты жағдайлар туралы әнгімелерінен туындайды. ҚР «ҚР тілдер туралы», «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» Заңдарының негізгі қағидалары, Қазақстанның әлемдегі қазіргі орны, сонымен қатар біздің туған мемлекетімізге деген міндеттілігіміз оқылды. Академиялық топтарда Қазақстандағы және шет елдерде болып жатқан жаңалықтарға экспресс-шолу жүргізілді, денсаулық сақтау жүйесін, жоғарғы мектепті реформалау туралы өзекті мәселелер талқыланды және «Дүние жүзінің 50 дамыған елінің санына кіру» туралы мемлекеттік алдына қойылған сұрақтар қарастырылды. ПОҚ және студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әнгімелесулер мен шаралар өтті.
Студенттерді кәсіби деңгейде тәрбиелеу
Студенттерде дәрігерлік этикасы мен медициналық деонтология қағидалары тәрбиеленді. ПОЌ-мен студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуларының анализі жүргізілді, ол жөнінде факультеттердің деканаттары уақытында хабарландырылып отырды. . ҒЗЖ-на бару, ҒСҰ-ге қатыстыру арќылы есеп беру кезеңі барысында студенттердің интеллектуальдық-шығармашылдық белсенділіктері ынталандырылып отырды. Сонымен қатар, «Шипагер» газетінің кезекті басылымдарымен уақтылы ақпарат беріп отырды.
Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Салауатты өмір салты және темекі тарту мен наркомания алдын алу мәселесіне тақырыптық сабақтарда ғана емес, басқа тақырыптарды талқылағанда да тәжірибелік сабақтарда студенттер арасында әңгімелесу, сауалнама, науқастар, кестелер, оқу фильмдерін көрсету түрінде көп көңіл бөлінді, РҒПППНО аумағында темекі тартуға тыйым салынды. Осы бағыттағы жұмыс ПОҚ-ң бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді қатысуы арқылы өткізілді.