Абильдинов Р.Б. 1989-1990 және 1990-1991 жылдары Алматы медицина институтында алғаш мемлекеттік тілде оқитын топтарға дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізіп, емтихан қабылдаған, қазақ бөлімдерінің негізін қалауға өзінің қомақты үлесін қосқан ұстаз. 1996 жылдан бері негізгі еңбек жолы тек гистология кафедрасында өтті. Абильдинов Р.Б. 100-ден аса ғылыми еңбектердің иесі, оның ішінде 2 монографияның, көптеген әдістемелік нұсқамалардың , типтік оқу бағдарламаларының, оқу құралдарының авторы. Биологиялық терминдер, «Гистология -1», «Гистология -2» тестік тапсырмалар жинағының және үш тілде жазылған «Цитология, эмбриология және гистология » атласының авторы.
Университетіміздегі еңбек жолында куратор, тьютор, ұлағатты ұстаз, мейірбан әріптес бола білген Абильдинов Р.Б. осындай үлкен мерейтойымен кафедра ұжымы шын жүректен құттықтайды. Қажымас қайрат пен творчествалық табыс қатар жүрсін, еңбегіңіздің жемісін көріңіз – дегіміз келеді.