Баспа қызметі

2000 жылы алғаш рет профессор Ж.Б. Испаеваның аллергология бойынша мемлекеттік тілде «Балаларда кездесетін аллергиялық аурулар» атты оқулығы жарық көрді.
1998 жылдан бастап профессор Ж.Б.Испаева аллергологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық бағдарламалар жариялайды: «Астма және аллергия» халықаралық конференциясында талқыланатын «GINA, ICCAD соңғы халықаралық келісім-шарт құжаттары аясында бронх демікпесі, атопиялық дерматит».

Қазақстан Республикасында аллергодиагностика мен аллерген спецификалық иммунотерапияның 100 жылдығына қазіргі кезеңде бронх демікпесі мен аллергиялық ринит менеджменті бағдарламасының төртінші басылымын шығару орайластырылған.

Аллергиялық ринит, инсекті аллергия, есекжем және атопиялық дерматитке арналған оқулықтар, нұсқаулықтар.