Кафедра тарихы

Алматының Мемлекеттік Медицина Институтында 1934 ж. жалпы хирургия кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі болып профессор Александр Николаевич Сызганов (1896-1980 ж.ж.) тағайындалды.

1934-1963 жж. – кафедра меңгерушісі, профессор Сызганов Александр Николаевич.

1963-1971 жж. – кафедра меңгерушісі,  профессор Чуваков Кожахмет Кожакович.

1971-1981 жж. – кафедра меңгерушісі, жалпы хирургия, емдеу факультеті профессор Чуваков Кожахмет Кожакович.

1971-1981 жж. – кафедра меңгерушісі, жалпы хирургия бала емдеу факультеті профессор Даиров Алмагамбет Бекишевич

1981 ж – емдеу мен бала емдеу факультеттерінің жалпы хирургия кафедрасының бірігуі.

1981-1985 жж. – кафедра меңгерушісі, профессор Даиров Алмагамбет Бекишевич

1985-1988 жж. – кафедра меңгерушісі, профессор Головачев Валентин Лукич

1988-2009 жж. – кафедра меңгерушісі, профессор Дурманов Калыбай Дурманович

2010-2011жж. кафедра меңгерушісі, доцент Капанова Гульнар Жамбаевна.

2011-2012 сәуір айынаға дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарған профессор Қыжыров Жанбай Налтайхан ұлы.

2012ж. сәүір айынан бастап 2018ж дейін кафедра меңгерушісі профессор Муканов Марат Өмірбек ұлы. 

2018жылдан 2019 ж дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарған Курамысов Е.А.

2019жылы барлық хирургиялық кафедралар қосылып Хирургиялық аурулар кафедрасы құрылды.

2023жылы реорганизация жүргізілді, кафедра қайтадан қүрылып Жалпы хирургия және топографиялық анатомия деп аталады, кафедра меңгерушісі доцент Курамысов Еркін Акбарович тағайындалды.

Кафедрада әр жылдары жұмыс істегендер: Сулейменов Аргын Аргынович, кейінірек профессор, Онкология Институтының директоры; Идрисов Акрам Салимович, кейінірек профессор, АМДЖУ онкология кафедрасының меңгерушісі; Касенов Толеутай Сармантаевич, кейінірек жалпы хирургия кафедрасының профессоры; Оспанов Абдрали Оспанович, кейінірек профессор, ҚазҰМУ госпитальды хирургия кафедрасының меңгерушісі; Баймухамедов Женис Жанбатырович, кейінірек профессор, ОҚММУ хирургия кафедрасының меңгерушісі.

Қазіргі кафедра – ғылыми ізденістер мен оқыту үрдісімен айналысатын, университеттің өміріне белсене қатысатын және денсаулық сақтауда емдік – диагностикалық көмек көрсететін үлкен кәсіптік ұжым. Университеттің юбилейне кафедра стенд пен кафедра тарихы туралы фильм шығарды.