Кафедра тарихы

Физика кафедрасы институттың алғашқы 10 кафедраларының бірі ретінде 1931 жылы 25 қарашада құрылған. Кафедраның ұйымдастырылуы кезеңінде онда 4 адам болды (кафедра меңгерушісі, 2 оқытушы, 1 зертханашы). 1931-1932 жылдары физика кафедрасында дәрістер оқылып, зертханалық жұмыстар жүргізілген, ол кезде кафедра ҚазПИ-дің ғимаратында орналасқан болатын. 1938 жылдан педиатрия факультетінің ашылуына байланысты кафедра штаты 7 адамнан құралды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра 3 факультеттің: емдеу, педиатрия және санитарлық-гигиеналық студенттерімен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді, қызметкерлер саны 9 адамға жетті (кафедра меңгерушісі, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы, 2 зертханашы).
50-ші жылдардың екінші жартысында оқытудың сырттай және кешкі формаларының ұйымдастырылуымен, сонымен қатар фармацевтика мен стоматология факультеттерінің ашылуымен кафедрадағы оқу үрдісі көпсалалы болып қалыптасты. 1966 жылы кафедрада спектрлік зертхана құрылды, бұл кафедра қызметкерлеріне оқыту жұмысымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізуге мүмкіндік берді. Ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы: «Биологиялық ұлпалардағы микроэлементтердің құрамын анықтау» болды. Осы мезгілде кафедрада тек физика кафедрасының ғана емес, институттың басқа кафедраларының да құралдарын жөндеуге арналған механикалық шеберхана құрылды.
1975 жылы кафедрада жаңа оқыту бағдарламасы игерілді, оған міндетті зертханалық сабақтары бар, емдеу және педиатрия факультеттерінің 2-курс студенттеріне арналған «Медициналық электроника», «Медициналық кибернетика» және стоматология факультетіне арналған материал тану негіздері пәндері енгізілді. Кафедра ұжымының күшімен оқытушылар мен студенттерге арналған қажетті әдістемелік құралдар жасалынды.
1991 жылы кафедрада мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес жаңа «Информатика» пәні барлық мамандықтар үшін енгізілді. Кафедра ұжымының күшімен оқытушылар мен студенттерге арналған қажетті әдістемелік құралдар жасалынды.
1999 жылы кафедра емдеу және бала емдеу факультетінің 1 курс студенттері үшін жалпыға білім беру стандартына сәйкес жаңа «Математика» пәні енгізілді. Кафедра аты «Медициналық биофизика, информатика және математика» болып өзгертілді.
ҚазҰМУ Ректорының 15.06.2012ж., №8 бұйрығы бойынша медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы екі модульге бөлінді: «Информатика» модулі және «Медициналық биофизика және математикалық статистика модулі».
21.09.2016ж №5461 л/с бұйрығымен «Информатика» модулі және «Биофизика» курсы біріктіріліп «Биофизика курсымен Информатика кафедрасы» құрылды.
Кафедрада 2016-2017 оқу жылынан бастап «Информатика» пәні ағылшын тілінде оқытылуда. Кафедра оқытушылары студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдарын ағылшын тілінде жасап шықты.
2020-2021 оқу жылынан бастап 14.08.2020ж №353 бұйрық негізінде кафедра атауы «Ақпараттық – коммуникалық технологиялар» кафедра болып ауыстырылды. Осы оқу жылында Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кафедрада оқытушылары доцент Ажибекова Ж.Ж., лектор Рахмбаева Г.С. – Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясында және доцент Шадинова К.С., лектор Джаханова Б.Н. – Астана медициналық унверситетімен өз тәжірибелерімен бөлісті.