Кафедраның тарихы

Тілдер кафедрасының бірінші меңгерушісі І.К.Кеңесбаев болды (Қаз.КСР ҒА академигі). 1989 жылдан 1996 жылға дейін қазақ тілі кафедрасын ф.ғ.к., доцент К.Г.Аяпбергенова басқарды. 1996 жылдан бастап кафедра оқытушылары психология, педагогика және орыс тілінен сабақ бергендіктен, кафедраның атауы «Қазақ тілі кафедрасы психология, педагогика және орыс тілі курсымен» болып өзгертілді. Кафедра меңгерушісі болып Б.Ж.Доскеева сайланды. 1998-2008 жылдары кафедраны ф.ғ.к, доцент Б.Ж.Исхан басқарды. 2009 жылдың наурызында кафедра меңгерушісі лауазымына ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай тағайындалды, 2015 жылдан 2018 жылға дейін кафедраға ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина меңгерушілік етті.

Шет тілдер кафедрасының меңгерушілері болып Г.И.Кұрманғалиев (1938-1940), Т.И.Погребинская (1940-1950), Е.Г.Шведова (1951-1966), М.Ш.Құрманов (1966-1974), Р.Ф.Исаева (1974-1975), Ш.И.Исабекова (1976-1987), С.К.Абдығаппарова (1987-1995), К.Т.Кешелева (1995-1998) қызмет атқарды. 2006 жылдан бастап шеттілдер кафедрасын п.ғ.к., доцент О.Я.Сулейменова басқарды.

Әр жылдары орыс тілі кафедрасын аға оқытушы К.Е.Бреусова (1950-1975), доц. А.И.Судакова (1975-1986), проф. С.Е.Тілегенова (1986-2008), проф. Ұ.А.Жанпейс (2009-2015) сияқты тамаша педагогтар басқарды. 2015 жылдан осы уақытқа дейін кафедра тізгіні доцент А.Т.Бақтыбаеваның қолында.

Кафедраның дамуына үлес қосқандардың қатарында оқытушылар А.Г.Смирнова, В.В.Мусатова, О.Б.Шәкенова, Л.С.Подкотилова, В.Г.Садиева, С.Е.Тілегенова, Ұ.А.Жанпейс болды. Болашақ дәрігерлерді дайындауға медициналық ЖОО студенттерінің оқу-әдістемелік базасын қалыптастырған латын тілі пәнінің оқытушылары Р.Б.Тё, В.Г.Георгиади, В.Н.Васильченко, В.А.Галиева, Н.У.Әбілқайрова., С.У.Жантасова, Е.К.Лисариди, Т.Д.Татаренко, ағылшын тілінің оқытушылары О.Я.Сүлейменова, А.А.Садықова, С.Х.Сагантаева сияқты оқытушылар өлшеусіз үлес қосты.

Кафедра педагогтарының жұмыстарын университет әкімшілігі жоғары бағалалауда: аға оқытушы Е.И.Лазариди «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, доцент Г.М.Чумбалова, аға оқытушылар Д.Б.Қайымова, З.К.Көкенова, Т.К.Бердалиева ҚазҰМУ-дың күміс медалімен, доценттер Т.Қ.Зайсанбаев¸ Ж.Т.Исаева, З.Ә.Абдуллина, аға оқытушы З.М.Мезгілбаева қола медалімен марапатталды. Көптеген оқытушылар бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Тілдік пәндер кафедрасы оқу үдерісі мен Қазақстан денсаулық сақтау саласы талабына сай мамандар даярлау ісін жетілдіру бойынша жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.