Кафедра тарихы

1 Жалпы тәжірибелі дәрігер кафедрасы,заманауи диагностикалау әдістерін білетін, емі және ауруды басқару және үздіксіз өзіндік дамумен айналаса білетін, заманауи талапқа сәйкес жалпы тәжірибелі дәрігер және отбасылық дәрігерді дайындайды.

Кафедра бастауы 1986 жылдан бастау алды, кафедраны доцент Н.К.Тузельбаев меңгерген кезден. 1987 жылдан 1993 жылға дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Г.И. Белоскурская басқарған. 1994-2000жж. кафедраны меңгерген м.ғ.д., профессор Р.С.Бегимбетова. 2009 жылдың кыркүйегінде кафедра дипломнан кейінгі жалпы тәжірибелі дәрігерді дайындауға өзгертілді және 2011 жылдан кафедраны м.ғ.д., профессор А.Ш. Сейсембаев басқарды.

2011 жылдың сәуір айынан бастап кафедраны м.ғ.д., профессор Култаев М.С. басқарды. 2012 жылы Білім беру кеңесі шешімімен кафедра дипломнан кейінгі жалпы тәжірибелі дәрігерлерді дайындау №1 ЖТД интернатура және резидентура кафедрасы болып өзгертілді, ал 2018 жылы – № 3 жалпы тәжірибелі дәрігер кафедрасына өзгертілді.

2018 ж. бастап кафедраны м.ғ.к. Жуманова А.К. басқарды. Кафедраның клиникалық базалары ҚЕ №3, ҚЕ №1, ҚЕ №5, ҚЕ №11, ҚЕ №15, ҚЕ №16, ҚЕ №23, ҚЕ №24 ҚЕ ҰӨСА, ҚЕ №30, ҚЕ №35, ҚЕ №36 және МО «Авицена,Асфендияровтың профессорлық клиникасы, студенттер емханасы, МО «Асмед» болып табылады.

2019 жылдан бастап кафедра отбасылық медицина бойынша резидентураға оқыта бастады. Сонымен қатар, кафедрада 6 курс және 7 курс интерндер, және 5 курс студенттер білім алады. Оқу процесі студенттерге заманауи халықаралық ұсыныстармен білімді игеруге және алған білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған. Кафедра қызметкерлері интерндермен бірге клиникалық талдау, клинико-диагностикалык бөлімшелерде кеңес, семинар, тақырыптық талдау жүргізеді. Резиденттер мен интерндер өзінін тәжірибелік дағдыларын күнделікті емханада науқастарды қабылдауда жүзеге асырып, ғылыми – тәжірибелік конференцияларды ұйымдастырып, соған катысады. Оқыту процесінде кафедра оқытушылары инновационды жолдарды қолданады, ол студенттерді оқу процесіне үлкен назар аудартады. Кафедрада студенттер арасында ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ай сайын СҒЗЖ жиыны өтеді.

Кафедраның ғылыми-зерттеу приоритеттері: кардиология, психоәлеуметтік статусын анықтау және, артериалды гипертензия, жүрекше фибрилляциясы, созылмалы жүрек жетіспеушілігі сиякты әртүрлі жұқпалы емес созылмалы аурулар кезінде адам омірінің сапасы анықтай білу.

Қызметкерлер сонымен қоса емдік және клиникалық жұмысты орындайды, кеңес береді, консилиум, клиникалық талдауға, науқастарды курациялауға қатысады. Сонымен қатар кафедра қалалық емханада орналасқан өзінін базасында ғылыми- тәжірибелік конференцияларға қатысады.

Кафедра құрамында 30дай оқытушылар қызмет етеді, оның ішінде 3 медицина ғылымынын докторы және 9 кондидаттары, жоғары категориямен 13 ассистент.

Кафедра құрамы: кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Жуманова А.К. (Европалык кардиологияны превентивты общество мүшесі), профессор Култаев М.С. (Қазақстандағы кардиологтар ассоциациясының мүшесі), профессор Хабижанова В.Б. (Қазақстандағы ревматологтар ассоциациясының мүшесі),профессор Габдулина Г.Ж. (Қазақстандағы ревматологтар ассоциациясының мүшесі), доценты: м.ғ.к. Енсегенова З.Ж. (тәуелсіз эксперт), м.ғ.к. Абдыкулова А.Б.., м.ғ.к. Нурмаханова Ж.М. (Қазақстандағы кардиологтар ассоциациясының мүшесі). м.ғ.к. Хайбуллина Г.М., м.ғ.к. Ешманова А.К.., м.ғ.к. Бисенбина Г.Ж., м.ғ.к. Матчанова М.С., к.м.н. Ногаева М., м.ғ.к., ассистент Стройков П.И., медицина магистрлары: Абдугулова Г.З., Есиркепова А.Ж., Тулеутаева С.А., Кушимбаева К.Ш., Жапаркулова М.Т., Рукабер Н.С., ассистенттер: Исаева К.К., Енсеева Ж.Т., Даулетбаева Б.Б., Барменбаева М.О., Кансеитова Б.Ж., Жамалиева К.К., Нуртаева А.А., Жубаева Г.С., Ерлепесова А.Т., Әділжан Г.Р., Молдажарова Н.Е., Оразбаева М.М., Асылтаева А.Б., Джарикова Б.Н.,