Кафедра тарихы

24 желтоқсан 1994 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтында психология және педагогика кафедрасы ашылды. Психология және педагогика кафедрасының алғашқы меңгерушісі аға оқытушы Сатыбалдина Майра Бирлянова болды.

2007-2008 оқу жылдары ҚазҰМУ-да психиатрия кафедрасында жалпы және клиникалық психология мен коммуникативтік дағдылар курсы ұйымдастырылды және курс меңгерушісі болып профессор, медицина ғылымдарының  докторы Асимов М.А. тағайындалды.

28.10.2008 жылы ҚазҰМУ ректоры, профессор А. А Аканов.. үкімімен жалпы және клиникалық психология, психотерапия мен коммуникативті дағдылар курсының атауы  коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері , жалпы және медициналық психология болып өзгертілді. Сол уақыттан бері кафедра жас, дарынды дәрігер, психолог,  оқытушылармен толықты. 30 желтоқсан 2008жылы (№ 6 хаттама) КазҰМУ Ғылым Кеңесінің шешімімен коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы теориялық және клиникалық пәндерден құралатын кафедра  болып табылды. Кафедраның клиникалық негіздері болып  “С.Асфендияров атындағы ішкі аурулар клиникасы” , “Онкология және радиологиялық Қазақ ғылыми-зерттеу институты”,  “Кардиология және ішкі ауруларды ғылыми-зерттеу институты” саналады.

Кафедрада барлық факультеттердің 1,2,3,4,5 курс бакалавриат студенттері, магистрлер, докторлар, дәрігер-интерндер, резиденттер “Психология”, “Коммуникативтік дағдылар”, “Мамандандырылған коммуникативтік дағдылар”,  “Денсаулық дәне аддикция психологиясы” пәндері бойынша дәрістер өтеді. Дәрістер оқытудың интерактивті әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі: пікірталас, эвристикалық әңгіме, рөлдік ойындар, тренингтер, проблемалық оқыту элементтері қолданылады.

2008 жылы посткеңестік кеңістікте алғаш рет «Коммуникациялық дағдылар» жаңа базалық пәні бойынша оқу құралы дайындалып, басылып шықты. Бұл оқу құралының авторлары профессор, медицина ғылымдарының докторы. Асимов М.А., профессор, медицина ғылымдарының докторы Нұрмағамбетова С.А., Игнатьев Ю.В. Кафедра оқу жұмысымен қатар көптеген ғылыми жұмыстар жүргізеді. 2004 жылы кафедраның құрылғанына 10 жыл толуына орай психология мен педагогиканың өзекті мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 2009 жылы Университет күні аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. 2010 жылы медицинадағы коммуникативтік  дағдылар бойынша халықаралық сарапшылар: Джулиа Дрэппер (Ұлыбритания), Беверли Дин (АҚШ) қатысуымен өткен ғылыми жұмыстарға кафедраның барлық оқытушылары белсенді түрде қатысты.  Кафедра оқытушылары ҚазҰМУ студенттеріне кәсіптік бағдар беруге және кәсіби бейімделуге бағытталған тәжірибелік жұмыстар жүргізді .

2021 жылдан бастап кафедра оқытушылары халықаралық ERASMUS бағдарламасына қатысуда. Біз бірнеше рет шетелдік делегацияларды қабылдадық. . 2024 жылдың 5-11 наурыз аралығында Коммуникациялық дағдылар кафедрасының халықаралық Erasmus бағдарламасының қатысушылары – Фатима Арыстанқызы Багиярова, Санам Хакимовна Мадалиева және Алма Шакировна Баджес Лидс қаласындағы (Ұлыбритания) медициналық университетте болды. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы өз мамандықтары бойынша және заманауи білім беру технологиялары бойынша біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады. Кафедра университетте үштілділік саясатын жүзеге асыруға баса назар аударып, кәсіби орыс, қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін үнемі арттырып отырады. Оқытушылардың  барлығы дерлік жоғары кәсіби деңгейде үш тілде сабақ береді.

Әрбір кафедра меңгерушісі өз уақытында кафедраның дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді:

2008-2018 жылдар аралығында кафедраны профессор, медицина ғылымдарының докторы Асимов Марат Әбубәкірұлы басқарды.

2018 жылдан 2023 жылға дейін профессор, медицина ғылымдарының кандидаты Багиярова Фатима Арыстанқызы басқарды. 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог Тұрсынбекова Анар Ерікқызы басқарып келеді.

Қазіргі уақытта кафедрада 14 қызметкер жұмыс істейді. Кафедра ұжымы болашаққа сеніммен қарап, заманауи дәрігерлерді даярлауға бар күш-жігерін салуда.