«Микробиология кафедрасы – бір отбасы: тәрбиенің негізі»

Білім алушылардың бойында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында эдвайзерлер Игисенова Альфия Имангалиевна, Буняева Дарья Владимировна, Асқар Гүлсім Халмаханқызы өздерінің эдвайзерлік топтарымен «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.

Тәрбие сағаты барысында отбасының қоғамдағы орны, жанұядағы сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді маңызды құндылықтар кеңінен талқыланды. Білім алушылар отбасы туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты, тәрбиелік мәні зор мысалдар келтірді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ұлттық тәрбие негіздерін насихаттау және рухани құндылықтарды нығайту болды. Сонымен қатар, тәрбие сағаты United Nations-ның 4-мақсаты – сапалы білім беру және 16-мақсаты – бейбітшілік, әділдік және мықты институттар бағыттарымен үндесіп, отбасылық тәрбие арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етті.

Тәрбие сағаты мазмұнды өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.