Қалыпты физиология кафедрасы университетіміздің іргелі кафедраларының бірі, 1934 жылы ашылған. Оның негізін қалаушы Ғылым академиясының академигі, профессор А.П. Полосухин. Мұнда қазақстандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан ірі ғалымдар мен керемет педагогтар – профессорлар І.А. Бірімжанова, Л.Е. Пальгова, Х.Қ. Сәтпаева және Н.Г. Скипина еңбек етті. Профессор Х.Қ. Сәтпаева маңызды тәжірибелік мәні бар жаңа ғылыми бағыт – валеологияның негізін қалады. 20 жылдан астам кафедраны профессор А.Д. Соколов басқарды. Қазіргі кезде кафедраның меңгерушісі Рыспекова Ш.О.
Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын А.П. Полосухин қазақстандық физиологтардың бірегей мектебін құрды. А.П. Полосухин кәсіптік өндірістік патологияның алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөлді. Ол шәкірттерімен ауыр кәсіптік ауру – силикоздың пайда болуын алдын алу тақырыбында жұмыс жасады. А.П. Полосухиннің идеялары өзі ұзақ уақыт басқарып келген ҚазКСР ҒА Физиология институтының зерттеулері үшін негізгі мәселелерді анықтап берді.
А.П. Полосухиннің зерттеулерін оның шәкірттері жалғастырды. Олардың ішінде ғылымға ең зор үлес қосқандар өмір бойы ҚазҰМУ қалыпты физиология кафедрасында еңбек еткен Л.Е. Пальгова, І.А. Бірімжанова, Х.Қ. Сәтпаева, Е.Г. Скипина.
Түрлі әдістемелерді қолдану және организмнің эмоциялық жағдайын бақылау арқылы жүргізілген шартты рефлекстердің қалыптасуын, олардың нығайтылуын, тежелуін, зердені зерттеу бойынша жүргізілген кафедраның тәжірибелері эмоцияның физиологиялық байланыстарының бар екендігін болжауға мүмкіндік берді, эмоцияның табиғаты туралы жаңа теория жасалды.
Қазіргі уақытта кафедрада бір профессор, бес ғылым кандидаттары мен доценттер, оқытушылар жұмыс істейді.
Кафедрада студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс атқарып келеді, үйірме мүшелері студенттік конференцияларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Соңғы жылдарда кафедра халықаралық деңгейде үш конференция өткізді. Кафедра қызметкерлері егде жастағы адамдардың биологиялық жасын анықтауға және әртүрлі топқа жататын тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға арналған Республикалық бағдарламаға қатысты.
Кафедра қызметкерлері «Адам физиологиясы», «Валеология», «Қызметтердің реттелуіндегі жалпы сұрақтар» оқулықтарын шығарды, 150-ден астам ғылыми мақалалар жазылып, жарық көрді, 18 инновациялық оқыту әдістері жасалып, оқу үрдісіне енгізілді.
Қалыпты физиология кафедрасы өз ұстаздары қалыптастырған дәстүрлерін берік ұстана отырып, оқу үрдісін жетілдіру және жаңа ғылыми білім қорын жинау бойынша жұмыстарын жалғастырып келеді.