Патологиялық анатомия кафедрасы 1933 жылы құрылған, оның құрамына үш қызметкерден тұратын олар: профессор Н.Е. Глеклер және екі көмекші – Е.А. Троица және Я.Е. Ланда. Бұл кішігірім топ жалпы патологиялық процестерге және адам ағзалары мен жүйелерінің маңызды ауруларына арналған макро- және микропрепараттардың жиынтығын белсенді түрде жинастырып, құрастырған. Патологиялық анатомияның жалпы және жеке курсы бойынша дәріс материалдары мен практикалық сабақтарды құрылымдау бойынша терең және жан жақты әдістемелік жұмыстар жүргізілді.1934-1938 жылдар аралығында Ленинградтық патологанатодтар мектебінің түлегі доцент Б.Ф Малышев кафедра меңгерушісі болған. Кафедраның алғашқы магистранттары А.И. Зикеева және С.Ф.Серов болған. Кейіннен доцент А.И. Зикеева КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Алма-Атадағы медициналық дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында патологиялық анатомия кафедрасын ұйымдастырған. Профессор С.Ф.Серов көптеген жылдар бойы Ленинград қаласындағы Н.Н. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының патоморфология зертханасын басқарған. 1938 жылдан бастап Харьков патологоанатомдар мектебінің өкілі доцент П.П. Очкур кафедра меңгерушісі болған. P.P. Очкур Қазақстандағы инфекциялық патология мен онкологияның морфологиясы бойынша зерттеулерді жүргізуді басқарған. Ол 1960 жылы бруцеллездегі морфологиялық өзгерістер туралы бірегей монографиясын шығарды, ол өз еліміз бен шетелде де кең танымалды болды. Оның бруцеллезге қатысты зерттеулерінің нәтижелері 1966 жылы Берлинде патологиялық анатомия туралы жарияланған нұсқаулықта ұсынылды. 1956 жылдан бастап П.П.Очкурдың бастамасымен қалалық ғылыми патологтардың қауымдастығы АММИ патологиялық анатомия кафедрасында белсенді жұмыс істеді. Кейінгі жылдары кафедраны П.П Очкурдың студенттері доцент А.И.Кондратенко (1969-1970, 1973-1974), профессор Ф.Я. Яглинский (1972).
Халида Сафиевна Нұғманова – м.ғ. д., профессор, кафедраны 15 жыл бойы 1975 жылдан 1990 жылға дейін басқарды және оның кафедрада жұмыс істеген уақытында кафедраның ғылыми бағыты тыныс алу жүйесі ауруларының патологиясы болды.
Самигулла Ибатуллаевич Иржанов-кафедра меңгерушісі, 1990 жылдан 2010 жылға дейін, м.ғ.д., профессор, жоғары санатты дәрігер. Осы кезеңде кафедраның басым ғылыми бағыттары онкоморфология және жұқпалы патология болды.
Юлия Сиязбековна Исмаилова – 2010 жылдан 2013 жылдың ақпан айына дейін патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, жоғары санатты дәрігер. Кафедраның ғылыми қызығушылықтары: перинаталдық патология, вирустық инфекциялар, балалар патологиясы.
Айгүл Дүйсекешқызы Сапарғалиева – 2013 жылдан 2017 жылға шейін патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, жоғары санатты дәрігер. Кафедраның ғылыми қызығушылықтары: “туа біткен жүрек ақаулары”, “медициналық құжаттарды сараптамалық бағалау” авторлық курсын өткізді. Осы ғылыми бағыттарда профессор С.И. Иржанов пен профессор Ю.С.
Исмаилованың жетекшілігімен 20 кандидаттық және 2 докторлық диссертация қорғалды. Кафедра қызметкерлері докторлық және кандидаттық диссертацияларын қорғады;м.ғ.д. Исмаилова Ю.С., м.ғ.к. Нартаева А.А. м.ғ.к М.Қ. Серікбай, м.ғ.к. А.Х. Балапанова.
2017-2018 оқу жылынан бастап кафеда аты олар сот медицинасы курсы бар патологиялық анатомия сод медициналық курсымен деп аталады.
Студенттерді оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді, оқыту түрі сызықты және циклді түрде өтеді.
2018 жылдың ақпан айынан бастап кафедра, мекен-жайы бойынша, 8-ші Таулы қырат шағын ауданы, Жамақаев көшесі, 99 орналасқан №8 ғимаратына көшті. Оқу бөлмелері үшін бөлінген алаң 2,3 қабатта орналасқан, 338,8 ш.м
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі м.ғ.к., жоғары санатты патолог Балапанова Анар Хайржанқызы