Конституциялық  реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшіліктері атты жиын

2022 жылдың 12 Мамыр күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университет қабырғасында Жалпы медицина-1 мектебінің 1-3 курс студенттері арасында  Конституциялық  реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшіліктері тақырыбында жиын өткізілді.  Жиын барысында бізді қоршаған қоғамның сұранысы мен ұсынысына негізделген президенттің саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру және Конституциялық реформаның бағыттары туралы кеңінен талқыланыланды. Сондай-ақ студенттерден сұрақ жауап  болып, студенттер  өздерін толғандырған сұрақтарына  жауап алды.