“игі істер марафоны”

2021 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған “игі істер марафоны” жалпыұлттық жобасы аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қызметкерлері №2 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының профессоры Мақсұтова Д. Ж., Жукембаева А. М., интерндер дәрігерлерімен бірлесіп, №5 емхана ШЖҚ КМК базасында этномәдени бірлестіктермен бірлесіп “Наурыз” өткізді.