Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы

Кафедра тарихы

Физика кафедрасы институттың алғашқы 10 кафедраларының бірі ретінде 1931 жылы 25 қарашада құрылған. Кафедраның ұйымдастырылуы кезеңінде онда 4 адам болды (кафедра меңгерушісі, 2 оқытушы, 1 зертханашы). 1931-1932 жылдары физика кафедрасы сол кезде дәрістер оқылып, зертханалық жұмыстар жүргізілген ҚазПИ-дің ғимаратында орналасты. 1938 жылдан педиатрия факультетінің ашылуына байланысты кафедра штаты 7 адамнан құралды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра 3 факультеттің: емдеу, педиатрия және санитарлық-гигиеналық студенттерімен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді, қызметкерлер саны 9 адамға жетті (кафедра меңгерушісі, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы, 2 зертханашы).

50-ші жылдардың екінші жартысында оқытудың сырттай және кешкі формаларының ұйымдастырылуымен, сонымен қатар фармацевтика мен стоматология факультеттерінің ашылуымен кафедрадағы оқу үрдісі көпсалалы болып қалыптасты. 1966 жылы кафедрада спектрлік зертхана құрылды, бұл кафедра қызметкерлеріне оқыту жұмысымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізуге мүмкіндік берді. Ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы: «Биологиялық ұлпалардағы микроэлементтердің құрамын анықтау» болды. Осы мезгілде кафедрада тек физика кафедрасының ғана емес, институттың басқа кафедраларының да құралдарын жөндеуге арналған механикалық шеберхана құрылды.

1975 жылдан кафедрада жаңа оқыту бағдарламасы игерілді, оған міндетті зертханалық сабақтары бар, емдеу және педиатрия факультеттерінің 2-курс студенттеріне арналған жаңа мамандық түрлері – медициналық электроника мен медициналық кибернетика және стоматология факультетіне арналған материал тану негіздері енгізілді. Кафедра ұжымының күшімен оқытушылар мен студенттерге арналған қажетті әдістемелік құралдар жасалынды.

1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра №2 оқу ғимаратына орналасқан.

 

Кафедрасының меңгерушілері 1931-2009жж.

  1. Кафедраның негізін салушы – физика-математика ғылымдарының докторы Литвинов Всеволод Федорович, 1931 жылдан 1934 жылдары жұмыс істеді.
  2. Масленников Исмаил Павлович – доцент, 1935 жылдан 1940 жылдары кафедрада меңгеруші болды.
  3. Лазарев Петр Петрович – академик, КСРО ҒА биофизикалық зертханасының директоры, кафедрада 1941 жылдан 1942 жылдары меңгеруші болды.
  4. Акулов Николай Сергеевич – академик, БССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1942 жылдан 1943 жылдары басқарды.
  5. Слуцкий Абрам Александрович – академик, УССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1943 жылдан 1944 жылдары басқарды.
  6. Масленников Исмаил Павлович – кафедраны 1945 жылдан 1954 жылдары басқарды.
  7. Казачевский Валентин Михайлович – доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚазССР ҒА асто-физикалық институтының Ғылыми хатшысы, физика кафедрасын 1955 жылдан 1972 жылдары басқарды.
  8. Кұдұсов Жұмаш Кұдұсұлы – доцент, техника ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1972 жылдан 1984 жылдары басқарды.
  9. Әдібаев Берік Мұкатұлы – профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1984 жылдан 2008 жылдары басқарды.
  10. Нұрмағанбетова Мүгүльсүм Омарқызы – доцент, техника ғылымдарының кандидаты, кафедраны 2008 жылдан басқарды.

Кафедра заманауи кезеңде

«Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика» кафедрасының меңгерушісі болып, т.ғ.к, доцент, АХА-ның корр. мүшесі, Нұрмағанбетова Мүгүльсүм Омарқызы жұмыс атқарып келеді. 1995 жылы

«Диагностикалаудың ақпараттық-технологиялық әдістерін дайындау және олардың негізінде автоматтандырылған жүйені құру» атты кандидаттық диссертациясын Әль-Фараби атындағы ҚазМУ-да қорғаса, 1999 жылы «Информатика» мамандығы бойынша доценттік атақ берілді. 2009 жылдан бастап АХА-ның корр. мүшесі атағы бар. 65-тен астам ғылыми басылымдардың, оның ішінде 5 авторлық куәліктің авторы. «Медицинадағы информатика негіздері» (1997ж), «Медицинадағы жоғарғы математиканың негіздері» (2004ж) атты жарық көрген оқу құралдары бар. Әль-Фараби атындағы ҚазМУ базасы негізінде «Медицинадағы математикалық модельдеу » атты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Диагностикалау мен ауруды алдын-ала болжаудың ақпараттық-математикалық болжаулары» (2007ж) атты монографиясы жарық көрген.

Қазіргі уақытта кафедра штаты 33 қызметкерден тұрады.

Профессор-оқытушылық құрам

Тегі Аты Әкесінің аты Ғылыми дәрежесі мен атағы Лауазымы
1 Нурмаганбетова Мүгулсім Омаровна т.ғ.к, доцент, АХА-ның корр Каф.меңгер.
2 Адибаев Берик Мукатович ф-м.ғ.к., проф
3 Абирова Мира Айтбаевна п.ғ.к., доцент. Доц.
4 Андаспаева Айгуль Абжапаровна ф-м.ғ.к.,доцент Доц.
5 Аймаханова Айзат Шалхаровна ф-м.ғ.к.,доцент Доц.
6 Шадинова Кунсулу Сейдазовна п.ғ.к., доцент. Доц.
7 Туймебаева Акнур Ерсайыновна ф-м.ғ.к. аға оқытушы
8 Раманкулова Алима Абдрамбековна аға оқытушы
9 Омарбаева Арайлым Нурахымовна аға оқытушы
10 Сержанова Куралай Шархановна аға оқытушы
11 Жусипбекова Шолпан Ерлепесовна аға оқытушы
12 Алмабаева Нургайша Махамадшариевна аға оқытушы
13 Оразакынов Керим Батырханович аға оқытушы
14 Каратлеуова Любовь Викторовна Оқытушы
15 Бопанова Арайлым Онгарбаевна Оқытушы
16 Умирбекова Замзагуль Климовна Оқытушы
17 Кубеева Жанагуль Кайратовна Оқытушы
18 Серикулова Жулдыз Курмангалиевна Оқытушы
19 Баракова Алия Шаризатовна Оқытушы
20 Рахымбаева Гулбаршын Сабитовна Оқытушы
21 Мысеке Айман Бектусыновна Оқытушы
22 Ботбаева Анар Кырыкбаевна Оқытушы
23 Садуакасова Гульмира Мырзабековна Оқытушы
24 Бекенаева Кымбат Сламовна Оқытушы
25 Изимова Гульнара Акимжановна Оқытушы
26 Рысхан Айнур Рысхановна Оқытушы
27 Шакенова Гульниса Тилевалдиевна Оқытушы
28 Жыланбаева Балқия Калибаевна Оқытушы

Олардың ішінде: 1-і профессор, 4-і доцент, 7-ы аға оқытушы және 15-ы оқытушы. Кафедрада ғылым саласының әртүрлі бағытында зерттеулер жүргізіледі; 7 ғылым кандидаты, магистрантар, 7 ізденушілер бар. Кафедра қызметкерлері бірінші, екінші, үшінші және төртінші курстың студенттеріне мынандай пәндерді: биологиялық физика, информатика, математика, биологиялық статистика, денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар, медициналық электроника, медико-биологиялық үрдістерді бағдарламалау, талдаудың сандық әдістері және математикалық статистика, денсаулық сақтаудағы компьютерлік технологиялар.

Кафедрада 9 компьютерлік кластар, 4 оқу-зертханалық бөлмелер бар. Оқу үрдісінде оқытудың техникалық құралдары мен студенттердің біліміне бағдарламалық бақылау кеңінен қолданылады.

Қызметкерлердің әдістемелік жұмыстары:

• 11 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.

• Әрбір пән бойынша студенттер үшін теориялық мазмұндағы әдістемелік нұсқаулар дайындалған.

Кафедраның ғылыми іс-әрекеттері

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі-бір ғылыми бағдарламалар шеңберінде дербес түрде жүргізіледі. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары негізінен басқа ЖОО-ның базасында (Әль-Фараби атындағы ҚазМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және т.б.) жүргізіледі.

Аты-жөні Тақырыбы: Шифры Ғылыми кеңесші
1 т.ғ.к., доц.Нұрмағанбетова М.О Диагностикалау мен ауруды алдын-ала болжаудың ақпараттық-математикалық болжаулары 05.13.16 ҰҒА-ның академигі, ф.-м. ғ.д., проф. Лукьянов А.Т.
2 ф-м.ғ.к.,доц.Андаспаева А.А. Болашақ мамандардың әлеуметтік жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық-методологиялық негізі 13.00.01 п.ғ.д. В.В.Трифонов
3 п.ғ.к., доцент. Шадинова К.С «Мектеп физика курсында электроника элементтерін оқыту әдістемесі» 13.00.01 ф.-м.ғ.д., проф. Мұқашев К.М.
4 ф.-м.ғ.к. доцент Аймаханова А.Ш. Дифференциал теңдеулер 01.01.02 ф-м.ғ.д, академикҚР ҰҒА Кальменов Т.Ш.
5 п.ғ.к., доцент Абирова М.А. Медициналық ЖОО-ын бітірушілердің кәсіби шеберлігін бағалаудың педагогикалық технологиясы» п.ғ.к., проф. Қалиева С.И.
6 оқыт. Садуакасова Г.М., Статистика бағыты бойынша болашақ мамандарды информатика мен ақпараттық технологияларға оқыту әдістемесі» 13.00.01. доцент Абдиев К.С.
7 аға оқытушы Раманқұлова А.А., Математиканың қазіргі сабақтарының тиімділігін арттыру 13.00.02 ф-м.ғ.д, академикҚР ҰҒА Касымов К.К.
8 ф.-м.ғ.к. аға оқытушы Туймебаева А.Е. О граничных задачах для спектрально-нагруженного оператор теплопроводности. Автомодельный случай. 01.01.02 ф-м.ғ.д.,проф.Дженалиев М.Т.

Студенттердің ғылыми жұмыстары

Кафедрада СҒҮ тұрақты жұмыс істейді. Үйірме, тақырыбы негізінен кафедра қызметкерлерінің ғылыми қызығушылығы бойынша анықталатын нақты жоспар бойынша жұмыс істейді.

Кафедраның ғылыми жұмыстары негізінен медициналық биофизиканың, информатиканың және математикалық статистиканың медицинада қолданылуы аясына негізделген. Жыл сайын студенттік конференцияларда кафедрада дайындалған баяндамалардың 2-3-і марапаттарға ие болып отырады. Клиникалық ағымдағы студенттер «Студент және ғылыми техникалық прогресс» атты конференцияларға қатысатын бағдарламалар жасайды.

Қоғамдық жұмыстар

 

Барлық қызметкерлердің қоғамдық жұмыстары бар, университет өміріне белсенді түрде араласады. 4 оқытушының факультет және институт көлеміндегі тапсырмалары бар. Қызметкерлердің басым бөлігі қоғамдық тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды. Кейбір қызметкерлердің қоғамдық жұмыстары университет әкімшілігі тарапынан да, денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да бірнеше рет аталып өтілген.