Шетелдік мамандарды шақырудың мақсаты шетелдік денсаулық сақтау және білім беру орталықтарында қолданылатын озық жаңа технологиялармен әдістерді енгізу және үйрену арқылы, білім сапасын, ғылыми және клиникалық үрдістерін жақсартуға, сондай-ақ халықаралық ғылыми, білім беру және практикалық алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
«Визитинг-профессор» бағдарламасын жүзеге асыру аясында патофизиология кафедрасының қызметкерлерімен:
1. Тухватшин Р.Р., м.ғ.д. профессор, И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі(Бішкек, Қыргыз Республикасы) 2012 жылдың 1 ақпанынан 30 маусымына дейін 300 сағат көлемінде 6 курс студентеріне «Клиникалық патофизиология» орамы бойынша сабақ жүргізу үшін.
2. Уразова О.И., м.ғ.д. Сібір мемлекеттік медицина университетінің (Томск, Ресей) профессоры, 2012 жылдың 19 қарашасынан 1 желтоқсанға дейін 72 сағат көлемінде 2,3 және 5 курс студентеріне «Патофизиологияның таңдамалы сұрақтары» орамы бойынша семинарлар жүргізу және дәрістер оқу үшін.
3. Куликов В.П., м.ғ.д. профессор, Алтай мемлекеттік медицина университетінің (Барнаул, Ресей) патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі, 2012 жылдың 18 желтоқсанынан 31 желтоқсанға дейін 72 сағат көлемінде студентерге, магистранттарға және профессор-оқытушылар құрамына «Гиперкапниялық гипоксия – мыйдың ишемия\гипоксияға төзімділігін көтерудің тиімді әдістері» тақырыбы бойынша семинарлар жүргізу және дәрістер оқу үшін.
4. Долгих В.Т., м.ғ.д. Омбы мемлекеттік медицина академиясының (Омбы, Ресей) патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі, 2013 жылдың 13 мамыр айынан 25 мамырға дейін «Жүректің постреанимациялық бүлінісінің молекулалық тетіктері» тақырыбы бойынша семинарлар жүргізу және дәрістер оқу үшін шақырылды.
5. Тарту Университететінің профессоры, патофизиология кафедрасының жетекшісі Сулев Кокс (қ. Тарту, Эстония) 14.11.2016ж. – 26.11.2016ж. аралығында 2,3 курс студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға, кафедраның профессорлық – оқытушы құрамына « Патологиядағы іргелі геномдық зерттеулердің өзекті мәселелері » тақырыбы бойынша семинар және дәріс өткізді.
Академиялық мобильділік және шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық қатынастарды кеңейту шеңберінде кафедраның магистранттары оқудан өтті:
1. Аскарова А.Е., Uniklinik Koln Zentrumfur Klinische Studien, Clinical Trial Management (халықаралық тренинг), Германия, Кельн, 1.01.2015 – 30.01.2015
2. Токушева А.Н., Великобритания, Лондон, Dept. Neuroscience, Physiology & Pharmacology, University College London, London, United Kingdom, 24.11.2014-05.12.2014
3. Трубачев В.В., Великобритания, Лондон, Dept. Neuroscience, Physiology & Pharmacology, University College London, London, United Kingdom, 24.11.2014-05.12.2014