Мотивациялық кеш

2022 жылдың 4 Сәуір күні Қазақ Ұлттық Медицина Университеті қабырғасында Жалпы медицина-1 мектебінің 1,2 курс студенттері ұйымдастырған мотивациялық кеш өтілді. Мотивациялық кездесуде Қазақ Ұлттық Медицина университетінің хирургиялық маман түлектері өздерінің ойларымен, кеңестерімен бөлісті. Хирургияның жағымды жақтары мен жағымсыз жақтары, медицинадағы соңғы жаңалықтары, болашақ дәрігерлердің жолында кездесетін қиындықтар мен қызықты тұстары жайлы сөз қозғалды. Студенттер өздерін қызықтарын барша сұрақтарға жауаптарын алды.