Анатомия кафедрасында жемқорлықтың алдын алуға арналып өткізілген іс – шара туралы ЕСЕП

2022 ж. 11 ақпан күні кафедрада 2 курс кураторлық топ студенттерімен топ ЖМ20-005-1, ЖМ20-016-1 және анатомия кафедрасының эдвайзерлері (Балапанова А.А., Алжанбекова Г.Т.) «Жемқорлық – жол жоқ» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Жұмыс жемқорлықтың орын алуының механизмдерін және жемқорлық түсінігін ашу, жемқорлықпен күресудің заңдылық негіздерін үндеу, жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы және оның туындауына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау мақсатында өткізілді. Іс – шарада жалпы медицина факультетінің студенттері өздерін жан-жақты көрсетті, ЖМ20-005-1 и ЖМ20-016-1 топ студенттері Аманкелді Айдана, Дакен Мұхтар и Аденова Аружан жемқорлықтың турлері, туындататын себептері мен салдарлары туралы слайдттар жасап қорғады, сонымен қатар қойылым қойылды және жемқорлықты туандатқан және өкіншпен аякталған сәт көрсетілген видео көрсетілді. Іс – шараның соңында өзінің қорытынды сөзімен кафедра эдвайзері Алжанбекова аяқтады.