Патологиялық физиология кафедрасы

Кафедра 1933 жылы үйымдастырылды. Осы жылдан бастап 1946 жылға дейін кафедра меңгерушілері болғандар: Н.Э.Геклер, А.А.Значкова, доц. Д.С.Четвертак, профессорлар С.М. Лейтес және П.П. Очкур.

clip_image0021946-1966 жылдары кафедраны патофизио-логиялық ғылымға елеулі жаңалык енгізген және өзінің патофизиологиялық Қазақстандық мектебін кұрған ірі ғалым профессор Глозман Осип Сергейұлы басқарды.

Профессор О.С.Глозманның жетекшілігімен кафедра кызметкерлері әртүрлі уланулар кезінде организмді усыздандырудың белсенді тәсілдерін дайындау және оларды клиникаға енгізу бойынша аса маңызды зерттеулерді жүзеге асырды. Гемолиздік аурулары және организмнің экзогендік уыттанулары кезінде қанды толык немесе жартылай, сонымен катар бірнеше мәрте алмас-тырудын тәсілдері құрылды және оларды тәжірибе жүзінде, клиникада колданудың мүмкіншілігі дәлелденді. Канды алмастыру мәселесі бойынша жүргізген зерттеулердің нәтижесі 3 докторлық диссертация (А.П.Касаткина, Х.С.Насыбуллина, С.И.Қарабаева) және 12 кандидаттық. диссертацияларда өз көрінісін тапты. Организмнің реактивтілігінің өзгеруі жедел қансырау мәселесі бойынша М.С.Сәулебекова докторлық диссертация қорғады. Қан алмастыру тәсіліне арналған зерттеулердің нәтижесі бойынша профессорлар О.С.Глозман және А.П.Касаткина 4 монография жазды. Жасанды бүйрек аспабын, перитонеалдық және өкпелік диализді, плазмоферезді, қиылыстьпс қанайналымын, аллогендік донор бүйрегін енгізіп орналастыруды қолдану арқылы организмді усыздандыру тәсілін зерттеу – осы зерттеулердің кисынды жалғасы болып табылады (К.А.Савченко, Э.Л.Бейсебаева, Н.Н.Абала-кина, А.А.Зелинская, Л.И.Завалишина ж.б. кандидаттық, диссертациялары).

1969 жылдан 1991 жылға дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Насыбуллина Халида Садыққызы баскарды. Ғылыми жұмыс бойынша профессор Х.С.Насыбуллинаның жетекшілігімен кафедра жедел қансырау және трансфузиялық емдеудің патогенездік мәселелері сау жануарларда, сонымен қатар, тәжірибелік қантты диабет, гипокинезия және созылмалы алкоголдік уыттану негізінде дайындалды. Осы мәселелер бойынша 7 кандидаттық диссертация корғалды (Н.М.Назаренко, Ш.С.Карынбаев, Т.П.Ударцева, А.А.Имамбаева, С.П.Лобанов, Н.Ш.Сейтмухамбетова), профессор М.С.Сәулебекованың жетекшілігімен монохромдық қызыл сәуленің қабыну үрдісінің дамуына тигізетін әсерінің тетіктері бойынша А.А.Шортанбаев пен Т.Т.Мелдехановтың кандидаттық диссертациялары дайындалды. Н.Н.Рыспекова, Г.Л.Мұқанова, Н.В.Жуйко, Ж.М.Дүйсенеевалардың кандидаттық диссертациялары нәруызы жеткіліксіз тамақтану және қозғалыс белсенділігін шектеу кезінде организмдегі метаболизмдік және функциялық өзгерістерді зерттеуге, сыртқы ортаның кейбір адами ластандырғыштарының организмге тигізетін ықпалына арналған. Кафедрада профессор Х.С.Насыбуллинаның жетекшілігімен барлығы 14 кандидаттық диссертация корғалды, 2 ғылыми енбек жинағы шығарылды, патофизиологтардың Республикалық ғылыми конференциясы өткізілді.

1991 жылдан бастап аздаған үзілістермен кафедраны профессор ТА.Назарованың шәкірті, патофизиологияны мемлекеттік тілде оқытуда үлкен үлес қосқан, м.ғ.д., профессор Нұрмұхамбетов Әділман Нұрмұхамбетұлы басқарып келеді. Ол – Қазақстандағы экологиялық патофизиологияның негізін қалаушы. Ә. Нұрмұхамбетов сыртқы ортаның кеңінен таралған ластандырғыштарының, соның ішінде дизелден шығатын газдардың ауыр металдардың организмге тигізетін әсерінің патогенездік жолдарын зерттеу және бұзылыстарды жергілікті шөптесін өсімдіктерден алынған препараттармен (қызыл мия тамыры және алмұрт жапырақты бұйрадан) қалпына келтірудің жаңа патогенездік жолдарын зерттеуде маңызды үлес қосты. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтың басқаруымен 2 докторлық (Т.Т.Мелдеханов,1995; Т.П.Ударцева, 2002) және 14 кандидаттық диссертация (Д.А. Ахмедшина, М.К.Балабекова, Б.Ж.Қасенов, М.Ж.Төлепбергенова және басқалар) орындалды және қорғалды.

Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетовпен 180-ге жуық еңбек, 11 кітап, оның ішінде 8 қазақ тілінде, 6 медициналық терминдер сөздігі басылымнан шықты. Ол 2000 және 2007 жылдары қайтадан басылымнан шыққан, 1995 жылы шығарылған медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған ең алғашқы қазақ тіліндегі патофизиология оқулығының авторы болып табылады. 2010 жылы клиникалық патофизиология оқулығы қазақ тілінде шығарылды.

Профессор Ә.Н.Нұрмұхамбетов ғылыми монографиялардың авторы, 4 авторлық куәліктің иегері, оның редакторлығымен 8 ғылыми еңбектер жинағы шығарылды.

clip_image0042003-2005 жылдары кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Қарынбаев Шабаз Сибугатуллаұлы басқарды. Кафедрада бүл кезеңде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдері: тәжірибелік жануарларға тәжірибе жасау бойынша бейнефильмдер, мультимедиялық көрсеткішті қолдана отырып дәрістер (доц. Н.Н. Рыспекова, доц. Б.Ж. Қасенов), компьютерлік оқыту бағдарламасын дайындау (доц. Ш.С. Қарынбаев, доц. Н.Н. Рыспекова) жүзеге асырылды. Доцент Ш.С.Қарынбаев жас мамандарды кәсіптік даярлауға үлкен мән береді.

2005 -2007 жылдары кафедраны профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетовтың оқушысы, медицина ғылымдарының докторы, жоғары біліктілікті патофизиолог, тәжірибелі педагог, дәріскер Татьяна Павелқызы Ударцева тағайындалды. Профессор Т.П.Ударцеваның ғылыми зерттеулері экологиялық патофизиологияның мәселелеріне бағытталған. Ол 100 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбек, оның ішінде “Қорғасынның әсері мен қозғалыстың шектелуінің біріккен әсеріне бейімделу тетіктері” онографиясы жарияланды. Оның басқаруымен екі кандидаттык диссертация қорғалды. Профессор Т.П.Ударцева оқу-әдістемелік үрдісті жетілдіруге және кафедраның материалдық-техникалық базасын жақсартуға үлкен көңіл аударады.

 

clip_image006

Қазіргі кезде кафедра кызметкерлерінің ғылыми жұмыстары организмнің қартаю тетіктерін зерттеуге және өмірді ұзартудың жаңа жолдарын іздеуге бағытталған.

DSCF7650

Патологиялық физиология кафедрасы оқу үрдісін ұйымдастыру деңгейі бойынша университетте басты кафедраның бірі болып табылады. Кафедра қызметкерлерімен 2006 жылғы мемлекеттік стандарт бойынша оқу-әдістемелік құжаттар дайындалды. Барлық факультет студенттері орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі әдебиеттермен қамтылған, оның ішінде қазақ тілінде патофизиология оқулығы 2000ж., 2007ж.; “Патофизиология кесте түрінде”, 2004ж.; оқу-әдістемелік қүрал: “Ұрық дамуы мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы”, 2004ж.; «Клиникалық патофизиология», 2010ж.; «патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар», орыс тілінде, 2006ж., қазақ тілінде, 2007ж.

Оқу үрдісінде оқытудың жаңа техникалық құралдары: барлық дәрістер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мультимедиялық көрсетілімде дайындалды, кафедра қызметкерлерінің студенттермен бірігіп түсірген оқу фильмдері және компьютерлік оқыту бағдарламалары дайындалған.

Кафедрада тәрбие жұмысы үұздіксіз өткізіліп келеді. 2007 жылдан бастап кафедра қызметкерлері «Жалпы медицина» факультетінде кураторлық жұмыстар жасайды. Тәрбие жұмысы барлық: интернационалдық – патриоттық, салауатты өмір салтын мадақтау, қамқоршылық көрсету бағыттарында жүргізіледі. Соңғы бағыт аясында 3 курс студенттері оқытушылармен бірге №1 балалар үйін басқарады.