Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт

МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың жолдауының «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» басымдық бағыты және Биофизика  курсымен қалыпты физиология кафедрасының тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Мен өмірді сүйемін» тақырыбындағы сайысты доцент Байдуллаева Г.Е. лекторлар Алмабаева Н.М. және Абдрасилова В.О. ұйымдастырды. Сайысқа 1 видеожұмыс, 1 қабырға газеті, 8 студент өздерінің шығарған өлеңдерімен және 2 эссе қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша:

  • I орынды ЖМ20-021-01 топ студенті Батыр Н.;
  • II орынды ЖМ20-021-01 топ студенті Каримбердиева А.;
  • III орынды ФӨТ20-015-01 топ студенті Кулжанова К.

Грамотамен және сонымен қатар сайысқа қатысқан барлық студенттер Алғыс хатпен марапатталды.

   Мен өмірді сүйемін

Күнім өтіп,таңым батып,айларым өтіп барады,
Сүрініп құлап ,жығылып жылап ,
Шаттық сыйлап қиындық артта қалады.
Әуреге кейде салады,
Күлдіріп те алады,
Биіктеп кетсең менсінбей,
Жерге құлата салады.
Тыңдашы мені, досым- ай,
Өмір міне осылай.
Өкінбеймін ешқалай,
Сынағы бар бір талай,
Мен өмірді сүйемін!
Мен өмірді сүйемін,
Себебі мұнда ,аяулы менің анам бар,
Мен өмірді сүйемін,
Себебі мұнда бауырларым тағы бар.
Мен өмірді сүйемін,
Өйткені шүкір Аллаға,
12 мүшем сау, дара!
Өмірді сүй,бағала,
Өмір ғажап осыны құй санаңа,
Құр жүргенше сандала
Айтқандай Абай ғұлама,
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қала!!!
Каримбердиева Айымжан ЖМ20-015-1к