Профессор Е.У.Қуандықовтың 75 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз.


Құрметті Есенгелді Өсербайұлы!

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жиырма мыңдық ұжымы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, дәрігерлері мен студенттері атынан 75 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды.

Осы уақыт аралығында сіз шығармашылық пен жасампаздыққа толы қиын да тамаша жолды жүріп өттіңіз. Сіздің денсаулық сақтау мен студенттерге көрсеткен қызметіңіз ұзақ уақыт бойы медицина қауымы арасында үлкен құрметке ие болды.

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының жетістігі көп жағдайда сіздің сарқылмас күш-қуатыңыздың арқасы, ал ұжым ортақ іске қызмет етудің бір рухымен біріккен кәсіби мамандарды дайындаудағы үлесіңіз зор. ҚазҰМУ үшін өз қатарында нағыз кәсіби маман мен үлкен жүректі тұлғаның болуы жай ғана мәртебе емес, бақыт және артықшылық. ҚазҰМУ студенттерімен, болашақ дәрігерлер үшін сіздің еңбекқорлық пен ұстамдылықтың, адалдық пен жауапкершіліктің және өз ісіңізге
берілгендіктің, адамға деген құрметтің, табандылық пен қайраттың үлгісі болдыңыз.Сіздің бүкіл кәсіби өміріңіз қажырлы еңбек, талант пен кең пейілді біріктіреді.

Есенгелді Өсербайұлы! Сізге шын жүректен денсаулық, қуаныш, амандық және ұзақ өмір тілейміз! Барлық жақсы тілектермен, арман- мақсаттарыңыз орындалсын.