2021 жылдың 02 желтоқсанда Қоғамдық денсаулық, Жалпы медецина-1, Медициналық құқық кафедрасы және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Корупцияға жол берме» атты тақырыпта «Жалпы медицина» мамандығының 2 және 5 курс студентті қатысуымен өтті.
Іс-шараға «Медициналық құқық» кафедрасының меңгерушісі Л.Б. Богатырева қатысты. Л.Б. Богатырева студенттерге қандай құқықтық жауапкершілік және «ҚР жемқорлыққы қарсы іс-қимыл туралы» – атты заңын және оның негізігі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырады деп атап өтті. студенттерге егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сондай – ақ Л.Б. Богатырева Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі Transparency International халықаралық мемлекеттік емес ұйымымен талдаушылар мен кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін бағалауды көрсету мақсатында жасалатын осы соңғы 2020 жылдағы көрсеткіштерін баян етті.
Келесі кезекте Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті Г.А. Мәлік жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасға қажетті қағидаттарды және студент жастардың санасын жемқорлықтан сақтау жолдарын атап өтті.
Жалпы іс-шара қызықты бастысы мағаналы және студенттер өздеріне қажетті көптеген ақпараттар мен мәліметтер алды.