Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық деңгейде өткізілген танымдық іс-шараның есебі: “ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ 30жыл”

Тілдік пәндер кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 11.00-де №7 аудитория ғимаратында 205 аудиторияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шара онлайн режимінде өткізілді
Бұл іс-шараның сценарийін ҚазҰМУ тіл пәндері кафедрасының оқытушылары бірлесіп дайындады. С.Д. Асфендиярова: Шойбекова Алима Жорабайқызы, Қайрақбаева Гүлназ Солтанғазиқызы, Абдикаимова Тоғжан Абдилбабаевна, Семей қаласының медициналық университетінің оқытушысы Джайрбаева Ж.К. және Алматы қ. Қазақ-Ресей медициналық университетінің оқытушысы Баянбаева А.А.
Іс-шараға Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің (ОЗ 20-001-02к) топ студенттері; (ЖМ 21-011-01) С.Д.Асфендияров атындағы жалпы медицина мектебі – Ерсайынова Амангүл, Алғабаев Елдос; Жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттері (ОМ 21-011-2) Семей қаласының медицина университетінен Хабасов Руслан, Ашимова Еркежан, Нұрахметова Жанерке және жалпы медицина мектебінің 1 курс студенттері (ЖМ 109Б, 106Б Нұрланова Жанерке, Ражапов) Шавкат, Асылжан Асылұлтас, Қалимултас Ернұр, Савердинова Шадиям, Сапарбек Дархан) Қазақ-Ресей медицина университеті, Алматы қ. Студенттері қатысты.
Осы іс-шараның мақсаттары мен міндеттері:
– патриоттық пен азаматтыққа, мақтаныш сезіміне тәрбиелеу
– танымдық белсенділігін, зерделілігін дамыту, ой-өрісін кеңейту
– ұлттық бірегейлікке, толеранттылыққа тәрбиелеу
Бұл шараның маңыздылығы:
Оқушыларға Тәуелсіздіктің 30 жылдығының маңызы және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы сіңірген еңбегі туралы баяндау. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық аренада танымал, гүлденген, дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Елбасы 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады.
Биыл біз басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін, «Қазақстан Республикасы» деп аталатын егеменді мемлекеттің құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз.
Оқушылар еліміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері, саяси-әлеуметтік ахуалы, білімі мен мәдениеті, тарихы, рухани құндылықтары туралы мағлұмат алды. Оқушылар өлең оқыды, домбыра шертті.
Тәрбие қызметінің көрсетілген мақсаттары мен міндеттері ағымдағы кезеңдегі сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлауға сәйкес келеді. Тәрбиелік іс-шара барысында әр түрлі жұмыс түрлері қолданылды: жеке, дербес, ұжымдық, топтық. Іс-шара үш тілде өтті және тәрбиелік мәні зор болды.