Қысқы емтихан

Желтоқсан айының 13-інен  бастап Жалпы медицина-1 мектебінде қысқы емтихандар басталды. Емтиханның бірінші күні мектебіміздің деканы Измайлова Слу Хабибиевна  емтихандарды  аралап шықты және де  2 курс студенттерінің алғашқы офлайн режимінде өткен «Неврология негіздері» модулінің  ОСПЭ емтиханына қатысты. Студенттер жақсы дайындықпен келгеніне риза болып, жалпы медицина-1 мектебінің деканы барлықстуденттерге сәттілік тіледі.