Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедрада «ЖМ» 3курс студенттері, «Педиатрия» «ХМФ» , «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша 6 курс интерндерін, «Радиология» мамандығы бойынша 1,2 жылдық резиденттерді, аралас мамандықтардың резиденттер білім алады. Жыл сайын білім алушылар үшін ПОӘК, тест тапсырмалары әзірленіп және жаңартылып отырады.

Нозологиялық формалар үшін сәулелік зерттеу әдістерінің мұрағаты құрылуда. Кафедраның ПОҚ-ы жыл сайын студенттерге, интерндерге және резиденттерге арналған оқу-әдістемелік материалдарды, ұсыныстарды, оқу-әдістемелік құралдарды құрастырады. Бакалаврларға арналған «Сәулелік диагностика» пәні бойынша 3 тілде оқу қуралы шығаруға дайындалуда.

Кафедра қызметкерлері студенттерге, интерндерге және резиденттерге арналған оқу-әдістемелік ұсыныстар басып шығарды:.

  1. «COVID-19-мен байланысты пневмонияның сәулелік диагностикасы: Жолдыбай Ж.Ж., Загуровская М.А., Жакенова Ж.К., Дүйсенова А.Қ., Төлешбаев Д.К., Филиппенко Е.В., Әшімбеков С. Ж. 2021ж
  2. «Бауыр эхиникоккозы: сәулелік диагностика, емдеу принциптері» Мұстапаева А.А., Жолдыбай Ж.Ж., Дүйсенова А.Қ. 2020
  3. «Өкпе обырының ерте диагностикасындағы төмен дозалы КТ» Қайдарова Д.Р., Панина А.С., Жолдыбай Ж.Ж. 2021ж
  4. «Виртуалды колоноскопия» Аманқұлов Ж.М., Жолдыбай Ж.Ж.2020 ж.