№ 2 ішкі аурулар кафедрасы (бұрынғы № 4) 18 шілдеде 2007 жылы (курсы 2003 ж. бері) ішкі және кәсіптік аурулар, әскери далалық терапия пәндерінен медико пррофилактикалық, педиатриялық және стоматологиялық факультеттерінің студенттеріне сабақтар жүргізілу үшін ұйымдастырылды. 2009 жылдан бері кафедрада «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Денсаулық жағдайын бағалау» пәнінен, ал 2010 ж. «Жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенттеріне сабақтар беріле бастады. Біздің кафедра «Практикум по инструментальной диагностике в пульмонология және кардиологиядан аспапты зерттеу диагностикасы бойынша практикум» (2015 ж.) және «Қарт адамдардың денсаулығы» (2013 ж.) атты элективті пәндерді өңдеп шығарды.
Кафедра ұжымы 2005 жылы