1981 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында микробиология кафедрасында иммунология курсы ашылған. Республикада медициналық ЖОО-да жалпы иммунология пәні бойынша оқытуды ұйымдастырған Шортанбаев А. А. және Кожанова С.В.
1995 жылы иммунология курсы иммунология және аллергология кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраның меңгерушісі – профессор Алихан Абжанович Шортанбаев.
Қазіргі таңда кафедраның професорлық-оқытушылық құрамына 11 қызметкер кіреді – 1 профессор, 7 доцент, 1 аға оқытушы және 2 ассистент.
Кафедра белсенді түрде инновациялық оқу әдістерін қолдануда:
– Республикада алғаш рет, студенттер пәнді интерактивті жолмен оқуға мүмкіндік болатындай етіп «Общая иммунология» және «Жалпы иммунология» оқулықтары электронды түрде жасалған.
– Университетте бірінші рет жалпы және клиникалық иммунологияның негізгі бөлімдері бойынша авторлық анимациялық фильмдер жасалған.
Кафедра қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстарында белсенді қатысып отырады. Өткен уақыт мерзімінде 500-ден астам ғылыми жұмыстар баспадан шығарылды, жаңа ашулардан 1 патент және бірнеше предпатент, 7 докторлық және 40-тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалған. Соның ішінде профессор Шортанбаев А.А. қолдауында 5 докторлық және 33 кандидаттық диссертациялар қорғалған.
Кафедра жыл сайын иммунология және аллергология өзекті сұрақтары бойынша ғылыми-тәжірибиелік конференцияларды жүргізеді және халықаралық конференциялар мен съездерде қатысады. Кафедра базасында жалпы иммунология, клиникалық иммунология және аллергологиядан жетілдіру және жоғарлату циклдары өткізіліп тұрады.
Кафедраның емдеу жұмысы республикалық және қалалық емдеу-алдыналу мекемелерінде қазіргі кездегі диагностикалау жән емдеу арқылы жүзеге асырылады. Кафедраның қызметкерлері аллергология және клиникалық иммунология саласында жетекші мамандар болып табылады. Кафедра Алматы қаласындағы емдік-алдын алу мекемелерінде кеңес береді. Кафедраның қызметкерлерімен жоспарлы және жедел аллергиялық жағдайлары бар қала тұрғындарына жалпы қараулар санынан 70-80% жоспарлы емес түрде жәрдем көрсетеді.
Кафедрада жастардың патриоттық тәрбиелеу саласында үлкен жұмыс өткізіледі, соның ішінде: Ұлы Отан Соғысында қатысқан медициналық қаһарман студенттері – Мәншүк Мәметова және Владимир Иванилов батырлары жайлы әңгімелесулер. Сонымен қатар, мемлекеттік символика мен мемлектіміздің дамуындағы маңызды тарихи кезеңдеріне көп назар аударылады; дәстүрлі түрде фотосайыстар, суреттік сайыстар және жыл сайын теннистік турнирлер өткізіледі.
Алматы, Богенбай батыр к., 151, №2 корпус, 136 каб. Тел. – 2926872
e-mail: [email protected]