(050012 Алматы, Толе би, 94; e-mail: [email protected])
Қалыпты анатомия кафедрасы 1930 жылы ұйымдастырылды. Оның алғашқы меңгерушісі болып тағайындалған, Республикаға еңбек сіңірген дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Исаев Петр Осипович. Әр жылдары кафедраны басқарғандар: Республикаға еңбек сіңірген дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Букейханов Қазихан Наушерванович(1962-1966 жж.) , екі рет Қазақ Республикасының Денсаулық министрі, профессор Карынбаев Сибугатулла Ырысқалиевич (1966 – 1976 жж.). Мамандықтарды жетілдіру мақсатында 1976 жылы ірі қалыпты анатомия кафедрасы екі кафедраға бөлінді. Педиатрия факультеті кафедрасын: профессор С.Р Карынбаев (1976 -1983 жж), профессор Г.М.Мусағалиева (1983-1999 жж).
Емдеу және стоматология факультеттерінің қалыпты анатомия кафедрасын басқарғандар: ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, профессор Рахишев А.Р басқарды. (1976-2003 жж.), медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаныбеков Д.Е. (2003 – 2007 жж.) , медицина ғылымдарының докторы, профессор Досаев Т.М. (2007-2008жж). 2008 жылдан қайта қосылған кафедраны ҚР ҰҒА-ның академигі, академик А.Р.Рахишев басқарды.
2011 жылдың 1 маусымынан бастап кафедра меңгерушісі болып профессор, м.ғ.д., Досаев Т.М. тағайындалды.
Кафедрада қызмет жасайды: профессорлар: А.Р Рахишев , Д.Е Жаныбеков., Т.М Досаев., Романюк С.Н. м.ғ.д., Жолдыбаева А.А., доценттер: Б.Ш Шакенов, Г.А Мусаева, Г.Р Мынжанова., У.А Исабекова, А.Т Дүйсенбаева, К.Т Дакенова, Тажиметов Б.М., Искиндирова А.М. аға оқытушылар: Т.С Қосманбетов, А.А Әбілова, Ф.С Омарбекова., Байгамысова Д.С., оқытушылар: Ж.А Тукибаев, Искакова Л.А., стажер-оқытушы Балапанова А.А.
Кафедра екі бағытта жоспарлы ғылыми- зерттеу жұмыстарын орындауда:
«Научные основы разработки и внедрения медицинской терминологии на казахском языке» және «Структурно-функциональная организация вегетативной нервной системы и особенности регенерации периферической нервной системы».
Кафедрада ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстарға үлкен назар аударылады. Кейінгі жылдары кафедра қызметкерлері 60 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары басылып, жарық көрді. Кафедраның студенттік ғылыми –зерттеу үйірмесінде 65 студент айналысады.
Кейінгі 10 жыл бойы СҒЗҮ-нің мүшелері университеттік және халықаралық конференцияларда алдыңғы орындарға ие болып келеді. 2009 жылы студент Арыстанбек Мерей «Молодежь в науке-2009» халықаралық форумның лауреаты атағына ие болып, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
АҚШ-нан Визитинг профессор Скотт Каннон Миллер
ҚазҰМУ-нің визитинг профессорлар бағдарламасының аясында қалыпты анатомия кафедрасында 11.11.2011 ден 17.11.2011 ге дейін ЮТА штаты (АҚШ) Университетінің профессоры, Америка анатомдар ассоциациясының мүшесі, “Anatomical Record” журналының редакторы Каннон Скотт Миллер семинарлармен шеберлік-кластар өткізді. Профессор Каннон Скотт Миллер мына тақырыпта семинар өткізді. «Современные принципы преподавания анатомии», оны тыңдауға кафедраның барлық қызметкерлерінен басқа, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі медициналық жоғарғы оқу орындарынан (Семей, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан) делегаттар қатынасты.
Жалпы медицина факультеті студенттері үшін остеологиядан, сүйек тінінің биологиясынан, қаңқаның анатомиялық және тұлғалық өзгерістерінен, бүйрекүсті безінің қалыпты жағдаймен стресс кезіндегі морфологиясынан дәрістер оқыды. «Наглядные пособия в преподавании анатомии» және «Нанотерапевтические системы доставки лекарств и особенности функциональной анатомии органов и систем» тақырыптарынан шеберлік класс өткізді. Оқытушы-профессорлық, интерндер, резиденттер және докторанттар арасында үлкен қызығушылық тудырған ол профессор Скотт Миллердің «Даңқ залында» «Требования к подготовке рукописей и этическим нормам для публикации научных работ в западных журналах» тақырыбында оқыған дәрісі болды.
Профессор Скотт Миллер қалыпты анатомия кафедрасында
ҚазҰМУ-нің тарихында алғашқы рет анатомдар мамандық жетілдіру курсын алыс шетелде өтті. 2012 жылдың 25 – қараша мен 5 – желтоқсан айлары аралығында төмендегі оқытушы- профессорлық құрам: анатомия кафедрасынан – кафедоа меңгерушісі, профессор Досаев Т.М., аға оқытушы Байгамысова Д.С., стажер-оқытушы Балапанова А.А. және патанатомия кафедрасының аға оқытушысы Бекишева А.Н. Тель-Авив Университетінің анатомия және антропология кафедрасының негізінде анатомиядан интеграциялық сабақ өткізу тәсілі бойынша комьютерлік томография мен УДЗ-ді, тестологияны анатомия сабақтарында қолдану, Израиль Университетінің медицина факультетінің анатомия кафедраларында оқу үрдістерін ұйымдастыру туралы дәрістер курсын тыңдады.