Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңызға жетуіңізге тілектеспіз. Сізді тек биіктерден көрейік. Қадамыңызға – гүл, келбетiңізге – нұр, қиялыңызға қанат бiтсiн! Шаңырағыңызға құт-береке, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыңызға – амандық, денiңізге – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманыңыз – асқақ, шығар биiгіңіз асқаралы болсын!
Әрдайым құшағыңыз – гүлге, қадамыңыз нұрға тола берсiн! Бақытты өмiр сүруіңізге шын жүректен тiлектеспiз!
Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып,
өмір сізді бақыт құшағында аяласын!
Ізгі тілекпен жалпы медицина факультетінің 4-курс студенттері!!!
Қызғалдақтай жайнай берсін өміріңіз,
Судай толып көтерілсін көңіліңіз.
Еш қашанда көңіліңізді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өміріңіз!!!