02.10.2026ж. және 08.10.2026 күндері Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары Абдрасилова В.О. (М26-017к,018к) мен Алмабаева Н.М. (М26-015к,016к) кураторлық топ студенттерімен «10-қазан- дүниежүзілік психикалық денсаулық күні» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізді. Аталған тақырыпта студенттер презентация жасап, психикалық денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы пікір-талас өткізді. Қызу талқыланған мәселе нәтижесінде студенттер төмендегідей шешімге тоқтады:
1) психологиялық қиыншылықтар мен күйзеліс туралы ашық сөйлесу «әлсіздік» емес, саналылық екенін түсіну;
2) емтихан алдындағы үрейді басу, эмоционалды жанудың алдын алу және стресспен күресудің нақты жолдарын қарастыру;
3) қатарластарының ішкі күйін сезінуді және қиын сәтте «Мен сенімен біргемін» деп қолдау көрсетуді үйрену.
Осы тақырыптағы пікір-талас студенттерге университет қабырғасында қауіпсіз әрі сенімді орта қалыптастыру әрбір оқытушы мен әрбір студенттен басталатынын айқын көрсетіп берді.







