Валеология курсымен қалыпты физиология кафедрасында 10.05.18 ж. салтанатты түрде аға оқытушы Бисерова А.Г-ның 80-жылдық мерейтойы атап өтілді.

Кафедра меңгерушісі Рыспекова Ш.О. құттықтады:


«Құрметті Адиля Газисовна!

Кафедра мен  ҚазҰМУ кәсіподақ  комитеті және  жалпы медицина мектебінің қызметкерлері Сізді 80-жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды! Сіз-жоғары білікті маман, педагогсыз:  Ленинград қаласындағы И.П. Павлов атындағы физиология институтында аспирантураны тамандап, кәсіби қызметте жоғары біліктілігіңізді Алматы, Новосибирск, Киев, Мәскеу, Душанбе қалаларындағы  медицина  жоғары оқу орындарында дамыттыңыз. Еңбегіңізді  Республикамыз үшін медицина кадрларын даярлау және жас  ұрпақты  тәрбиелеудің  асыл ісіне  арнадыңыз. Барлық күшіңізді, біліміңізді, тәжірибеңізді студенттерге, кафедраға, университетке, қоғамдық жұмыстарға дарытасыз.Көп жылдар бойы кәсіподақ ұжымының қызыметіне белсене қатыстыңыз.

Сізге шын жүректен зор денсаулық, педагогикалық қызметте үлкен жетістік, отбасыңызға жақсылық, бақыт, ұзақ өмір тілейміз.»


ҚазҰМУ-дың  жергілікті  кәсіподақ  ұжымы және кафедра үлесімен Бисерова А.Г.-ның мерейтойына қаржылай сыйақы берілді.

Құрметті профессор Соколов А.Д., профессор Абишева З.С. жәнеде кафедраның ұжымы мерейтой иесіне  өзінің құрметін және ізгі тілектерін білдірді.