Аталған семинарды президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын, «Қазақстан -2050» стратегиясын студенттер арасында насихаттау мақсатымен ректордың студенттермен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Мустафина Жанар Ғабиденовнаның тікелей басшылығымен коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының ұжымы өткізді.
Ел көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы ұлтаралық келісімді, Қазақстанды мекендейтін этностарға деген сыйластық, достық, шыдамдылықты болашақ дәрігерлер қалай түсініп, қабылдайтындығын анықтау мақсатымен алдын-ала «ҚазҰМУ–толеранттылықтың қайнар көзі» атты плакаттар конкурсы жарияланып, семинар кезінде жеңімпаздарды марапатталды.
Плакаттар конкурсына барлығы 27 топ қатысты, солардың ішінде жүлделі орындарға ие болғандар:
1 орын – мейірбике ісі мамандығының 3 курсының 003-1 тобы,
2 орын – стоматалогия факультетінің 2 курсының 004, 005 топтары,
3 орын – жалпы медицина факультетінің 1 курсының 007 тобы.
Семинарға қатысқан студенттеріміз басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, көрсете біле алатындықтарын көрсетіп, толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы,плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептелетіндігін, қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші деген ой түйіп кетті.