Клиникалық жұмыс

Кафедра ШЖҚ МКК «Алматы қ. балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» (БҚКЖА), Байзаков көшесінде 299а базасында орналасқан. Ауруханада жалпы төсек орны 360, оның ішінде кафедра қызметкерлерінің курация жүргізетіні 319, қабылдау бөлімін қоса алғанда. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы 11 бөлімшенің 10 на курация жүргізеді. Кафедраның барлық қызметкерлері жоғарғы санатты дәрігерлер және жұмыс өтімі 10 жылдан асады. 2016-17жж кафедра қызметкерлерімен базалық клиникада 1406 науқасқа кеңес көмек көрсетілген, 421 науқасқа емдік курация, 150 клиникалық талдау, 225 консилиум жүргізілген. Кафедра қызметкерлері әрдайым өліммен аяқталған жағдайдың экспертизасын, асқынған жағдайлар және жанжалды жағдайларда талдауға қатысады (2016-17жж 42 жағдай). Базалық клиникадан басқа кафедра ПОҚ ақысыз қалалық/республикалық консилиумдарға қатысады (2016-17ж 68 консилиум).
Тәжірибелік денсаулық сақтау ұжымдарына кафедраның клиникалық базасына жатпайтын ұйымдарға көмек ретінде кафедра қызметкерлері бір жылда 68 кеңес жүргізген, Жамбыл және Алматы аудандары ауруханалырна 19 консилиум жүргізген. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жылдығына сай Алматы қ. МДБ бірге кафедра қызметкерлері жұқпалы аурулар бар балаларды қабылдап қайырылымдылық шарасын ұйымдастырып, жасады.
ҚР ДСМ Ұлттық клиникалық протоколдарды құрастыратын топқа Проф. Куттыкужанова Г.Г. және м.ғ.к. Умешева К.А. кіреді, тек 2017ж 9 айында олармен 9 ұлттық протокол құрастырылған.

Кафедра меңгерушісі Катарбаев А.К пен клиникалық қарау

Профессор Куттыкужанова Г.Г мен клиникалық қарау

Профессор Тыныбеков А.С пен клиникалық қарау

Доцент Головенко М.В мен клиникалық қарау

Ассистент Егеубаева З.Т мен клиникалық қарау

Доцент Танирбергеновой А.Ж. мен клиникалық қарау