«Бала аурулары пропедевтикасы» кафедрасында тәрбие жұмысы үнемі университеттің тәрбие жұмысы бойынша жоспарына және кафедраның бекітілген жоспарына сәйкес жыл бойына орындалады.
Жалпы медицина факультетінің жаңадан келген 3 курс студенттерімен төменде көрсетілген шаралар жүргізіледі: студенттерді «Ар-намыс кодексі»,университеттің саясаты мен бағдарламасымен, ҚазҰМУ-ң, клиникалардың ішкі ережелерімен таныстыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қаыптастыру мақсатында жемқорлыққа қарсы күрес заңымен таныстыру. Студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстану бойынша «Зиянды әдеттер туралы», «гиподинамияның, темекі, нашақорлық, алкоголизм» тақырыптарына әңгімелер өткізіледі.