“ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БИОФИЗИКА ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕДИЦИНАДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ  ОЛИМПИАДА

Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары Абдрасилова В.О., Алмабаева Н.М., Байдуллаева Г.Е. профессор Б.М.Адибаевты еске алу құрметіне арналған “Қазіргі кезеңдегі биофизика жетістіктерінің медицинадағы алатын орны” тақырыбындағы пәндік олимпиаданы ұйымдастырды. Университет көлемінде болғандықтан жалпы медицина, халықаралық, фармация және педиатрия факультеттерден 55 студент қатысты. Қатысушыларға факультет декандары және Б.М.Адибаевтың жұбайы өз тілектерін білдірді. Олимпиада жеңімпаздары медаль, диплом және ақшалай сыйлыққа ие болды. Қатысқан студенттер сертификаттармен марапатталды.

«Медициналық физика» пәні бойынша:

  • Сейтхан Балауса (ЖМ22-028) I орын;
  • Абдуләзиз Жәдігер (ЖМ22-025) II орын;
  • Батыкова Айгуль (Пед22-03) III орын;
  • Shashwat Dev (GM22-076)  III орын;
  • Sadam Farooq (GM22-072)  III орын.

«Физика» пәні бойынша:

  • Қалдыбай Альбина (ФӨТ22-038)  I орын;
  • Даулетова Қазына (ФӨТ22-035)  II орын;
  • Рискулова Жайсан (ФӨТ22-035)  III орын.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!