Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Жақында патофизиология кафедрасының доценттері Дания Асхатовна Ахмедшина және Бауыржан Жумакажиевич Касенов ЖМ 20-005, ЖМ 20-006 куратор топтарымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» деп аталатын іс-шара өткізді.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Шараның мақсаты студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, денсаулықты сақтау және күту, спортпен айналысуға, дұрыс тамақтануға, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Топтың студенттері Әбдіраман Әсем мен Ахметова Айша салауатты өмір салты жөнінде, дене тәрбиесі мен спорт, дұрыс тамақтану, зиянды дағдыларға әуестенбеу туралы презентация көрсетсе, Амангелді Ардақ тапқырлық сайысын өткізді.
Студенттер екі топқа бөлініп салауатты өмір салтына байланысты өз ойлары мен идеяларын әртүрлі ойындар ойнау арқылы, ситуациялық есептерді шешу арқылы талқылады. Сондай-ақ сергіту ретінде күй ойнап, әндер айтылды.
Шара соңында 1-ЖММ декан орынбасары Жакупова Қырмызы Баймұханбетқызы және кафедра доценті Валентина Махсатовна Сабырахметова студенттерге өз лебіздерін білдіріп рахметін айтты.