«Барлығы үшін денсаулық, әрбір адам үшін денсаулық»

            7-сәуір күні  патофизиология  кафедрасының оқытушылары 2 курс стоматология факультетінің студенттерімен «Рухани жаңғыру бағдарламасы»  аясында Дүниежүзілік денсаулық  күніне орай «Барлығы үшін денсаулық, әрбір адам үшін денсаулық» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

            Мерекелік іс-шараның мақсаты  викториналық сұрақтар акциясы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарихына шолу жасау болды.

Студенттерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, оның тарихы жөніндегі викториналық сұрақтар қойылды.  Викториналық сұрақтардың нәтижесі бойынша бірінші орынды  Мусаев Нурсултан, екінші орынды Ғарифов Даулет, үшінші орынды Нуретова Анеля иемденді.

Шара соңында патофизиология  кафедрасындағы  оқу ісінің меңгерушісі,  ассистент Кайранбаева Гүлгүл, «Адам денсаулығы -қоғам байлығы». Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық-денсаулық. Сондықтан да әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Отанымыздың келешегі мен көркеюі -саламатты өмір салтын сақтау деп студенттерге өз  пікірін білдірді.