14.04.2022 күні Биофизика курсының оқытушылары Абдрасилова В.О., Нуртаева Г.К., Усипбекова Д.И. және ЖМ21-014, ЖМ21-015, ЖМ21-016 кураторлық топ студенттерінің қатысуымен ЖМ-1 мектебінің деңгейінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан елміз» тақырыбында іс-шара ұйымдастырып өткізді. Жалпы медицина мектебінің декан орынбасары Маймакова Айгерім Мейрбековна студенттерге жылы лебіздер айтып, болашақтарына сәттілік тілеп іс-шараны ашып берді. Студенттердің керемет дайындығы көрермендерге және іс-шара қонақтарына өте қатты ұнады. ЖМ21-014 тобының қыздары қазақ және ұйғыр билерін биледі, күй тартылып, ән айтылды. Көрермендердің қатысуымен асық ату, ләңгі тебу, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар ойнатылды, интерактивті форматта жұмбақталған сөздер арқылы мақал-мәтелдерді табу ойыны өте қызықты өтті.
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛМІЗ
![](https://general.kaznmu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/04/WhatsApp-Image-2022-04-14-at-14.54.17-580x435.jpeg)