БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛМІЗ

14.04.2022 күні Биофизика курсының оқытушылары Абдрасилова В.О., Нуртаева Г.К., Усипбекова Д.И. және  ЖМ21-014, ЖМ21-015, ЖМ21-016 кураторлық топ студенттерінің қатысуымен  ЖМ-1 мектебінің деңгейінде Қазақстан халықтарының бірлігі  күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан елміз» тақырыбында іс-шара ұйымдастырып өткізді. Жалпы медицина мектебінің декан орынбасары Маймакова Айгерім Мейрбековна студенттерге жылы лебіздер айтып, болашақтарына сәттілік тілеп іс-шараны ашып берді. Студенттердің керемет дайындығы көрермендерге және іс-шара қонақтарына өте қатты ұнады. ЖМ21-014 тобының қыздары қазақ және ұйғыр билерін биледі, күй тартылып, ән айтылды. Көрермендердің қатысуымен асық ату, ләңгі тебу, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар ойнатылды, интерактивті форматта жұмбақталған сөздер арқылы  мақал-мәтелдерді табу ойыны өте қызықты өтті.