ДЕНСАУЛЫҚ –ЗОР БАЙЛЫҚ

Денсаулық күніне орай Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының тәлімгерлері Абдрасилова В.О., Алмабаева Н.М. және Ильясова Г.О. «Денсаулық –зор байлық» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізді. Сұхбат барысында жұқпалы аурулар, олардың алдын алу, қазіргі кездегі белең алған электрондық темекінің, нашақорлықтың, насыбайдың зияны туралы әңгіме қозғалды. Өз ойларын ортаға салған студенттер салауатты өмір салтын сақтаған кезде ғана «керемет» күйдегі өмір сүретінімізді айтып өтті.
Сонымен қатар тәлімгерлер Алмабаева Н.М. және Нуртаева студенттермен біріге отырып «Что мы знаем о ВИЧ и туберкулезе» тақырыбында анкета жүргізді. Анкетада көрсетілген 15 сұраққа 16 жас пен 68 жас аралығындағы 54 адам жауап берді.