Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша өткізілген іс-шаралардың есебі

1.2023 жылдың 11 сәуірінде Алматы қаласының №124, №117 мектептерінде профессор А.Э. Миреева, асс. А.М.Жукембаева, И.Н. Мышкина бастауымен ЖМ 16-028, 104 топ интерндары «Отбасы – мемлекеттің іргетасы» тақырыбында семинарлар өткізділді.
2.2023 жылдың 12 сәуірінде №2 ЖДТ кафедрасының клиникалық базаларында «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Ана болу», «Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы. Неке құқығы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізілді.
Дөңгелек үстелге кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен 7 курс интерндері қатысты. Интерндер баяндамаларды презентация түрінде дайындады.
Өткізілген іс-шаралардың негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту, дәріптеу. Жастар арасында жауапкершілік, мейірім, махаббат, ар-намыс, адалдық, үлкенге және кішіге қамқорлық, ұрпақтар сабақтастығы сияқты дәстүрлі құндылықтар негізінде болашақ «отбасы бейнесін» қалыптастыру. Отбасы қоғамның ажырамас бөлігі және мемлекеттің негізі екенін түсіндіру.