Жалпы медицина-1 мектебімен Жастар саясаты басқармасы бірлесе отырып Университет деңгейінде 29 мамыр күні, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Тірліктің күші бірлікте» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Жалпы медицина-1 мектебімен Жастар саясаты басқармасы бірлесе отырып Университет деңгейінде 29 мамыр күні, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Тірліктің күші бірлікте» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Кешті Университетіміздің Корпоротивті даму жөніндегі проректоры Убайдилла Махамбетович Датхаев құттықтау сөзімен ашты. Мерекелік кештің құрметті қонақтары болып Қазақстандағы «Барбанг» курдтар қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық жоғары мектеп ғылымдары Академиясының академигі, Филология ғылымдарының докторы, бірнеше ғылыми, әдеби кітаптардың және басылымдардың авторы, профессор Мирзоев Князь Ибрагимович және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының бірлескен негізін қалаушы, Республикалық қоғамдық бірлестігі «Қазақстандағы ұйғыр жастар одағының» төрағасы Кайрыев Рустам Абдусаламович қатысты. Кештің көрікін әрі қарай жалпы медицина-1 мектебінің 1 курс студенттері италяндық Компонеро София, ұйғыр ұлтының азаматы Абдукаримов Ильмурат, тәжік ұлтының азаматтары Абдуллаева Аминохон және Касымова Зумрадхан өз өнерлерімен аша түсті.