“Жамбыл Жабаев-ұлы ақын”

Жақында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің патофизиология  кафедрасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай доцент М.Ж.Толепбергенова, лекторЛ.С.Ниязбекова және  ассистент Г.А. Терликбаева жалпы медицина факультетінің 3 курс  кураторлық топтарымен «Жамбыл Жабаев-ұлы ақын» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты студенттерді ХХ ғасыр гомері- Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыра отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

Іс-шара барысында студенттер Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде презентация дайындап, Жамбыл Жабаев атындағы мұражайға саяхат жасады. Мухаммадиярова Аружан домбырамен «Түрікмен» күйін өте жоғары деңгейде орындап берді. Топ студенттері Жамбыл атамыздың шығармашылығының көркем туындыларын мәнерлеп оқып берді.

Сонымен қатар студенттер “Менің пірім – Сүйінбай” атты сахналық қойылым қойды, бұл қойылым Сүйінбайдың Жамбылға домбырасын ұсыну жайтын бейнелейді.

Шара соңында кафедра меңгерушісі Балабекова Марина Қазыбаевна топ студенттеріне алғыстарын білдіріп, олардың талпынысын көтеретін жылы да жалынды сөздерін арнап айтты. Іс-шара жоғары  деңгейде өтті.