“Кең болсаң – кем болмайсың”

Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық аясы кең ұғым.

“Кең болсаң – кем болмайсың” ұранын ұстана отырып Жалпы медицина-1 мектебінің 2 курс студенттері 2022 жылдың 8 сәуір күні жақсылық жасап жарысуда. Студенттер  қасиетті Рамазан айына орай Алматы қаласындағы “Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы” КММ орталығына барып, сыйлықтарын табыстап, балалардың көңіл-күйін көтеріп қайтты. Қайырымды және игі істеріміз көбірек болғай.