Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлары: Танеева Г.Т., Қыдырбаева Ә.Қ., және Жүзжан Қ.Е. ұйымдастырумен 10.04.2021 ж. «Жалпы медицина мектебі-1» мамандығының 1 курс ЖМ20-001, ЖМ20-002 және ЖМ20-003 топ студенттері «Туған жерім-Мысыр шаһарым» атты іс шарасы өткізілді. Студенттер туған жерге арналған өз шығармаларымен бөлісті.

         Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.

«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші,. Еліміздің әр аймақтарынан білім алатын студенттеріміздің туып өскен жерлерінде әсем жерлерімен таныстырып, онлайн саяхат жасалды. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

         Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!
Туған өлкем байлығы мол қазынам,
Сол байлықтың шуағында шомылам.
Бәрінен де артық көрем мен сені,
Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.
Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,
Аң мен құсын арыстандай көремін.
Туған өлкем ол менің жер жәннатым,
Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды аялайық та, сүйе білейік.