Патофизиология кафедрасында лектор Л.С. Ниязбекова мен ассистент Г.А.Терликбаева 20.02.23 ж «Мұхтар Әуезов»-дәуір тұлғасы» атты тақырыбында эдвайзерлік топтармен (ЖМ20-011, ЖМ20-012, ЖМ20 -013, ЖМ20-014) дөңгелек үстел өткізді.

«Мұхтар Әуезов»-дәуір тұлғасы 

Патофизиология кафедрасында лектор Л.С. Ниязбекова мен ассистент Г.А.Терликбаева 20.02.23 ж «Мұхтар Әуезов»-дәуір тұлғасы» атты тақырыбында эдвайзерлік топтармен (ЖМ20-011, ЖМ20-012, ЖМ20 -013, ЖМ20-014) дөңгелек үстел өткізді.

ЖМ 20-013-1 топ студенттері «Мұхтар Әуезов өмірбаяны және шығармашылығы» атты  презентациясында ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі жайлы және көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де бағалы жетістігі екені туралы ақпарат берді. Оның Абай туралы жазған эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің және әлем әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енгендігі де атап өтілді.

Екінші кезеңде студенттер арасында сұрақ-жауап сайысы өтті. Жоғары балл алған студенттерге алғыс білдірілді. Іс-шара соңында мағыналы видеоролик демонстрация жасалынды.

Доцент Сабырахметова В.М. бүгінгі күнгі өскелең жас ұрпақ Мұхтар Әуезовтың өшпес еңбектерінен жігерін қайрап, баба сөзінен тамыр жайып, болашаққа бой түзері анық екендігін атап айтты. Маңызды, мағыналы ақпараттар бергені үшін студенттерге алғысын білдірді.

Ассистент Терликбаева Г.А Мұхтар Әуезов қазақтың басына біткен бағы екендігін, оның Абай жолындай дүниені дүниеге әкеліп, жер жаханға қазақтың қасиетті болмысын, асқақ мәдениетін, терең пәлсапасын Абайдай кемеңгер тұлға арқылы ашып бергенін мәлімдеді және студенттерге алғысын білдірді.

 

Кафедра аға эдвайзеры                                 В.М. Сабырахметова