Студенттермен мотивациялық кездесу.

Нейрохирургия саласы әлем бойынша қарқынды түрде дамып келе жатқан жаңа сала түрі. Осы кезекте біздің Ұлттық ғылыми медициналық орталығының нейрохирургия бөлімшесінде басмиына және жұлын миына жоғары дәрежелі заманауи нейрохирургиялық техникаларады қолдану арқылы көптеген нейрохирургиялық операциялар жасалуда.
2022 жылдың 11 Сәуір күні біздің университетімізде Жалпы медицина -1 мектебінің деканы Измайлова Слу Хабибиевна қатысуымен болған “Alem Medicus” қоғамдық бірлестігінің бастауымен жоғары санаттағы нейрохирург дәрігері, Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылқы Бердіқожаев мырзамен Жалпы медицина 1-3 курс студенттеріне арналған мотивациялық кездесу өтілді. Кездесу барысында студенттер жалпы дәрігердің жұмысы жайлы және де нейрохирургия саласына қатысты қызықты ақпараттар алды. Сонымен қатар, студенттердің “Alem Medicus” қоғамдық бірлестігімен танысу презентациясы болды.